Жаңалықтар жаңғырығыТаным
Саша Коэн таяуда «Борат-2» фильмін экранға шығармақшы
ВАШИНГТОН. 3 қазан. Британияның белгілі актері әрі режиссері Саша Коэн бірнеше жылғы үзілістен кейін тағы да Қазақстанды келемеж етуге кірісті. Бұл туралы K-News хабарлады.
Оның соңғы кезде түсірген «Борат-2» фильмінің премьерасы қазан айының аяғында Amazon Prime платформасында АҚШ-та және тағы да әлемнің 200-ден астам елінде өтпекші.
Бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатқандай, Twitter-де Қазақстан Үкіметінің фейк аккаунты пайда болған сияқты. Онда Саша Барон Крэн персонажы болатын видео жарияланыпты.
Ал «Борат-2» фильмінің өзі 23 қазанда АҚШ-та көрсетілетін көрінеді. Бірақ оның сиквелінде не туралы сөз болатыны әзірге белгісіз.