Джоан Роулингтің кезекті романы үлкен жанжалға ұшырады
ЛОНДОН. 1 қазан. Танымал ағылшын жазушысы Джоан Роулингтің жақында баспа жүзінен жарық көрген «Жаман қан» атты кезекті романы дау-жанжалдың астында қалды. Бұл туралы godkiteratury сайтына сүйенген rast.kz хабарлады.
Осы жолы жазушы әйел кітабын Роберт Гэлбрейт деген лақап атпен шығарды. Кітап «Troubled Blood» деп аталады. Оны қазақшаға аударғанда, «Жаман қан» деген мағына береді.
Роман детектив Корморан Страйк туралы бесінші кітап болып отыр. Ол көлемі жағынан мұның алдындағы «Өлімші ақтық» деген циклдағы романнан әлдеқайда асып түседі – оның ағылшын тіліндегі нұсқасы 944 беттен тұрады.
Шетел сыншыларының шолуларына қарағанда, жаңа романда сериялы ксі өлтіруші маньяктың қолынан қаза тапқанға саналған бір әйелдің қалай жоқ болып кеткені баяндалады. Кісі өлтіруші ер кісі өзінің құрбандарын әйел болып киіну арқылы қолға түсіріп тұрады. Міне, осы жағдай әлеуметтік желіде қатты сынға ұшырайды. Twitter-ді пайдаланушылар #RIPJKRowing («Тыныш ұйықта, Дж.К.Роулинг») хештегімен «Гарри Поттер» авторының өзінің қалай жоғалып кеткені жайлы ақпарат жариялай бастайды. Бірқатар блогерлер өз хабарламаларында жазушының тірі екенін, ал хештегтің оның мансабына арналғанын жазды.
«Жаман қанның» орыс тіліндегі «Дурная кровь» атты варианты 2021 жылдың басында «Азбука» баспасынан шыққалы тұр.
Джоан Роулинг басында жеті детективті «Роберт Гэлбрейт» деген лақап атпен шығаруды жоспарлаған екен.