Мәскеуде актер Владимир Конкиннің қызы қайтыс болды
МӘСКЕУ. 24 қыркүйек. Ресейдің халық әртісі Владимир Конкиннің қызы София Мәскеуде қайтыс болды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Агенттік мәнбесінің айтуынша, 32 жастағы София Конкина алдымен ағын суға батып кеткен.
«Қаза боларының алдында жас әйел «Джамп-клуб» жүзу бассейніне кеткен екен», деп хабарлайды «Бесінші арна». Түнгі сағат екінің кезінде ол Боткин ауруханасына жеткізіледі. Туған-туыстарына содан кейін хабар беріледі. Жансақтау бөлімінде жатқан София өткен түнде үзіледі.
Қазір оның суға батып кету себебі тексеріліп жатыр.
Владимир Алексеевич Конкин – кеңестік-ресейлік театр және кино актері. Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Украинаның (1974) және Ресейдің еңбек сіңірген әртісі (2010). Көрермен қауым оны «Құрыш қалай шынықты», «Ғашықтар туралы романс», «Әне, лек-лек, келе жатыр солдаттар», «Кездесу орнын өзгертуге болмайды» ленталары арқылы жақсы біледі.
Актер 1951 жылғы 19 тамызда Саратов қаласында туған. Саратов театр училищесін бітіргеннен кейін Харьковтің балалар мен жасөспірімдер театрына орналасты. 1974 жылы Киевтегі Довженко атындағы Украина киностудиясына ауысты. Ал 1979 жылы «Кездесу орнын өзгертуге болмайды» сериалына түсіп болғаннан кейін Мәскеудегі Ермолова атындағы театрдың актері болды.
Актер жұбайы Алла Львовна Конкинамен 39 жыл бірге тұрды. Ол 2010 жылғы 31 наурызда обыр ауруынан қайтыс болды.
Конкиндер Ярослав және Святослав деген егіз ұлдар, София атты қыз тәрбиелеп өсірді.