Олимпиада чемпионы Беларусьтегі жағдайға көзқарасын білдірді
МИНСК. 11 қыркүйек. Биатлоннан беларусьтік Олимпиада чемпионы Надежда Скардино елде соңғы айда қалыптасып отырған жағдайға түсіндірме берді. Бұл туралы белорустың «Прессбол» газеті хабарлады.
Швейцарияда тұратын спортшының айтуынша, жергілікті БАҚ-тар қазір өз елінде болып жатқан қарсылық акцияларына айрықша көңіл бөліп келеді. Спортшы еуропалықтардың болып жатқан оқиғалардан естен танып жатқандарын айтады.
«Егер спортта таласты сәт болса, сайыс қайта ойналады. Мұны таласты доп деп атайды. Ал өзара диалогтың болмауы – тұйыққа тірелу. Бұл белорустарды одан бетер ашындыра түсуде», – деді Скардино.
7 қыркүйек күні Беларусьтің «Слуцк» футбол командасының жартылай қорғаушысы Юрий Козлов елдегі қарсылық акциялары кезінде күштік құрылымдардың бейбіт халыққа жасап жатқан зорлық-зомбылықтарын сынға алды. Футболшы ішкі істер, армия бөлімшелері мен басқа да құрылымдарға олардың жазықсыз адамдарды соққыға жығулары қылмыс екенін атап көрсетті.
Беларусьте айдан артық уақыттан бері жаппай қарсылық акциялары тоқтаусыз өтіп жатыр. Ол 9 тамыз күні түнде президент сайлауы аяқталған бойда басталып кеткен еді.