Литва Лукашенконың сайлаудағы жеңісін мойындамай отыр
ВИЛЬНЮС. 12 тамыз. Литва парламентінің сыртқы істер комитеті Беларусьте өткен сайлау қорытындысын мойындамау жөнінде мәлімдеме қабылдады. Бұл туралы DELFI.LT хабарлады.
Мәлімдемеде Беларусьте өткен сайлаудың нәтижелеріне фальсификация жасалғаны және Александр Лукашенконы президент болып сайланғаны лигитимді емес екені атап көрсетілген.
«Біздің мәлімдеме еліміздегі барлық партиялардың қолдауымен жасалып отыр. Біз енді басқа да демократиялық елдердің парламенттерін осыған ұқсас шараларға баруға шақырамыз және ЕО-пен бірге қайтарма сайлаудың өткізілуін талап етеміз», – деді комитет мүшесі Жигимантас Павилёнис.
Саясаткер сеймнің басқа демократиялық елдердің парламенттерін осыған қатысуға шақырып, олармен бірге күрес күргізетінін айтты. Ол сондай-ақ Беларусьте сайлауден бері жұртшылық пен билік арасында текетірес өтіп жатқанын баяндай келіп, осыған байланысты қамалған барлық оппозиция мен азаматтық қоғам өкілдерін қамаудан босатуды, бейбіт шерушілерге күштік құрылымдардың күш көрсетуін тоқтатуды талап ететіндерін білдірді.