Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Халық емшісі Кенжебай Тоғызбаев өмірден өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. 7 тамыз. Биылғы жылдың 6 тамызында халықаралық 9-деңгейдегі халық емшісі Кенжебай Тоғызбаев өмірден өтті. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Атпал азаматтың қазасы «Орал – Атырау» тас жолының Махамбет ауданы тұсында орын алған көлік апатынан болды.

Кенжебай Тоғызбайұлы 1950 жылдың 10 тамызында Қызылорда облысы Жалағаш ауданының «Мақпалкөл» ауылында дүниеге келген. Дертке шалдыққан қаншама жанның сауабын алып жүрген халық емшісінің арғы аталары да қасиет қонған жандар екен. Бабасы Қалмырза заманында малды, ауқатты адамдардың қатарында саналып, ел билігіне араласқан. От ауызды, орақ тілді, аузы дуалы, көріпкелдік қасиеті бар кісі болған. Өз әкесі Тоғызбай жігіт кезінен қобыз тартатын, арқасы бар кісі болыпты. Бақсылықпен айналысып, науқастарды жинап зікір салған, ел аралап ем жасаған,

Бабалардан келе жатқан асыл қасиет Кенжекеңнің бойына 1988 жылдан бастап келіп, сол жылдардан бастап науқас адамдарды емдей бастады. Аурухана, емханалардың есігін тоздырып, үміттерін үзген, жүректері ауыратын, бауыр-бүйректері дұрыс жұмыс жасамайтын, қан қысымдары қалыпты жағдайдан шығып кеткен, аяқ-қолдары қозғалмай қалған, көздері дұрыс көрмейтін және т.б. көптеген ауруларды толығынан емдеп, елдің алғысы мен батасын алып жүрген азамат болатын. Сонымен қатар, көп балалы аналарға, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қаржылай сыйлықтар таратып, көзі тірісінде Мақпалкөлдің Атымтай Жомарты атанған жан еді.

Короновирус ауруы 3 күнде емделеді деп, өмірінің соңғы күндерінде Ақтөбеде 3 күн, Оралда 3 күн болып, 1000-нан астам адамға тегін ем жасап, әрі қарай Атырау, Ақтау, Жаңаөзен, Қостанай қалаларындағы ауру жандарды короновирустан емдеймін деген үлкен жоспары болатын. Сұм ажал ардақты ағамызды арамыздан қапияда алып кетті.

Отбасына, жақын-жуықтарына қайғырып көңіл білдіреміз.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button