Он үштегі қызға үйленген имам төрт жылға сотталды
ҚАЗАН. 3 тамыз. Татарстан астанасында Расул Салихов есімді имам 13 жастағы қызға үйленгені үшін 4 жылға колонияда отыру жазасына кесілді. Бұл туралы «Бизнес online» басылымы хабарлады.
Расул Салихов «Жасы он алтыға толмаған тұлғамен жыныстық қатынас жасасу және сексуалдық сипаттағы басқа жда әрекеттер» бабы бойынша айыпты болып табылды.
Имам 2019 жылғы қараша айында уақытша тергеу оқшаулағышына қамалды. Сол кезде 28 жастағы жігіттің ислам шарттары бойынша 13-тегі қызбен некеге тұрғаны белгілі болды. Ол жас қыздың ата-анасына қалыңдығы 16 жасқа толғанға дейін жыныстық қатынас жасаспайтынын айтып, уәде берген екен.
Олардың арнайы үйлену тойы өткізілмеген. Татарстанның Отбасы кодексі бойынша, қыз екіқабат болып қалған жағдайда, 14-тен бастап некеге отыруға рұқсат етіледі.
Хабарламада Салиховтың діни іс-әрекет жасау мерзімі 2017 жылы аяқталғаны айтылған. Содан кейін жаңасын алмаған.