Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Жасөспірім бала қарындасын құтқарам деп қаза тапты

ЖЕЗҚАЗАН. 26 маусым. Жезқазған-Сәтпаев трассасының бойында қайғылы оқиға орын алды, 14 жасар бала суға құлап кеткен қарындасын құтқарам деп жүріп, өзі қаза тапты. Бұл туралы «Казахстанская правда» газеті хабарлады.

Аталмыш қайғылы жағдай қала тұрғындарының қатты ашу-ызасын туғызды. Жұрттың көбі мұны коммуналды қызметтің салдыр-салақтығы мен жауапсыздығынан болған деп отыр.

Аталмыш трассаның бойында іші суға толы, беті ашық қазандық бар. Балалар соның жанымен жүріп өтуге мәжбүр болған. Сол күні бір кішкентай қыз аяғы тайып кетіп, әлгі қазандыққа құлайды. Оның жанында келе жатқан 14 жасар ағасы ойланбастан, қарындасының соңынан суға секіреді. Өкінішке орай, бала бауырын ажалдан аман алып қалса да, өзі су ішінен шыға алмай қалады. Сәл кейінірек оны құтқарушылар алып шықты.

«Баланы үш минуттың ішінде сыртқа алып шығып, «жедел жәрдемге» тапсырдық. Сол жерде оның өкпесіне жасанды вентиляция қойылды. Бірақ оны құтқарып қалудың орайы келмеді», – деді құтқарушы Марат Аглюков.

Су құбыры жарылғаннан кейін суға толып кеткен қазандық қаланы жылумен және сумен қамтамасыз ететін кәсіпорынға қарайды екен. Алайда, оның айналасында қоршау да, тыйым салған белгі де болмаған. Тіпті мұндай қауіпті жердің бар екенін қала басшылығы да білмеген.

«Біз тіпті онда балалар барып, суға шомылып жүргендерін де білмеппіз. Кеше қайғылы жағдай орын алды. Барғанда көрдік. Сондықтан ата-аналарына көңіл айтамыз. Біз енді кемшілікті жою үшін қатаң шаралар қолданамыз», – деген уәде берді қала әкімінің орынбасары Қайрат Бапанов.

«Жасөспірім баланың өмірін жұлып кеткен оқиға – салдыр-салақтың нәтижесі» деп санайды көпшілік. Бұған жылу-сумен қамтамасыз ететін кәсіпорын ғана емес, қала басшылығы да жауапты.

Полиция қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті.

Тағы көрсету

6 пікір

  1. Қайран совет өкіметі! Оның кезінде мынадай жағдай болуы мүмкін бе еді! Мүмкін емес еді. Себебі, бұл үшін басшылар басымен жауап беретінін білетін. Қазіргі жемқор әкімдер мен мекеме басшылары ақша жегеннен басқаны білмейді. Қала әкімінің орынбасары сымақтың сөзі анау. Құдай-ау, алақандай ғана Жезқазғанды күнінен он айланып шығуға болмай ма, бұлар көрмес түйені де көрмес болып жүр екен дә! Мұндай басшысымақтарды құрту керек!

  2. Жезқазған деген баяяғыдан берекесіз қала. Мен арлы-берлі өткен сайын оны көріп қатты шошимын. Соғыстан кейінгі қала сияқты. Бұларда еш береке жоқ. Қала аңғал-саңғал. Әкімдері жетісіп тұрмаған болды.

  3. Жезқазғанды қала деп айту өте-мөте қиын. Одан біз жақтағы кез келген райцентр артық. Өте көріксіз қала. Сұрқай қала. Ал әкімдері қашаннан жауапсыз. Біз бұдан бірөатар уақыт бұрын ата-бабамыздың жері деп көшіп барып едік, үші жылға әрең шыдап, кері қайтып кеттік.

Орақ үшін пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Ұқсас мақалалар

Back to top button