Сырқат белгісі жоқ індет жұқтырғандар 13 560-қа жетті
АСТАНА. 26 маусым. Бүгін таңертең 883 адамда коронавирустың жалпы статистикаға кірмейтін симптомпсыз түрі бар екені анықталып, оның жалпы саны 13 560 болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сүйенген rast.kz хабарлады.
Астана уақытымен 08:20 сағатта толық есебі алынған коронавирус инфекциясының 883 симптомпсыз түрі аймақтар бойынша былайша бөлініске түсті:
Қарағанды облысы – 120, Алматы облысы – 88, Атырау облысы – 83, Түркістан облысы – 67, Қызылорда облысы – 56, Солтүстік Қазақстан облысы – 55, Маңғыстау облысы – 53, Ақмола облысы – 49, Қостанай облысы – 47, Шығыс Қазақстан облысы – 46, Шымкент қаласы – 44, Жамбыл облысы – 39, Астана қаласы – 37, Алматы қаласы – 35, Ақтөбе облысы – 27, Павлодар облысы – 21, Батыс Қазақстан облысы – 16.
Аймақтарда симптомпсыз індеттің эпидемиологиялық ахуалы мынадай:
- Қарағанды облысы – 1839
- Атырау облысы – 1732
- Алматы қаласы – 1412
- Астана қаласы – 1283
- Шымкент қаласы – 1157
- Алматы облысы – 973
- Батыс Қазақстан облысы – 838
- Түркістан облысы – 651
- Солтүстік Қазақстан облысы – 480
- Жамбыл облысы – 478
- Ақтөбе облысы – 460
- Шығыс Қазақстан облысы – 452
- Ақмола облысы – 428
- Маңғыстау облысы – 428
- Қызылорда облысы – 416
- Қостанай облысы – 337
- Павлодар облысы – 196.
Еске сала кетейік, түнде сағат 23:59-да Қазақстанда симптомды коронавирус инфекциясын жұқтырып алғандардың 465 болғаны анықталды. Сонымен, қазірге кезге дейін бұл індетке ұшырағандардың жалпы саны 19 750-ге жетті. Осы уақыт аралығында 12 220 адам сырқатынан жазылып шығып, 140 адам жан тапсырды.