Елімізде коронавирус құрбандары саны 105-ке жетті
АСТАНА. 18 маусым. Бүгін коронавирус дертінен тағы 5 адам жантәсілім етіп, құрбандардың жалпы есебі 105 болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Таңертеңнен бері жан тапсырған 5 адамның 2-і Алматы қаласынан, бір-бірден Астана қаласынан, Қарағанды және Ақмола облыстарынан болып шықты.
Алматы қаласында 1962, 1965 жылы туған, Астана қаласында 1988 жылы туған, Қарағанды облысында 1956 жылы туған, Ақмола облысында 1980 жылы туған ер кісілер ажал тырнағына ілікті.
Осы кезге дейін мына аймақтарда қайтыс болғандар тіркелді:
Астана қаласы – 25, Алматы қаласы – 17, Павлодар облысы – 13, Шымкент қаласы – 12, Қарағанды облысы – 10, Ақмола облысы – 7, Батыс Қазақстан облысы – 6, Түркістан облысы – 5, Атырау облысы – 3, Қостанай облысы – 2, Маңғыстау облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1, Ақтөбе облысы – 1.
Кешеден бері 237 адам науқастарынан жазылып, олардың жалпы саны 10 139 болды.
Бүгін 22:05 сағатқа дейін жазылған 237 адам аймақтарға былай бөлінеді:
Алматы облысы – 37, Қарағанды облысы – 34, Алматы қаласы – 29, Батыс Қазақстан облысы – 24, Астана қаласы – 21, Жамбыл облысы – 19, Атырау облысы – 15, Шымкент қаласы – 12, Қызылорда облысы – 10, Маңғыстау облысы – 9, Түркістан облысы – 7, Солтүстік Қазақстан облысы – 6, Ақтөбе облысы – 5, Павлодар облысы – 5, Шығыс Қазақстан облысы – 4.
Сонымен, осы кезге дейін аймақтардан мұнша адам сауығып шықты:
- Алматы қаласы – 2157
- Астана қаласы – 2110
- Атырау облысы – 1015
- Қарағанды облысы – 770
- Батыс Қазақстан облысы – 694
- Шымкент қаласы – 524
- Қызылорда облысы – 475
- Алматы облысы – 428
- Жамбыл облысы – 349
- Ақтөбе облысы – 298
- Түркістан облысы – 291
- Маңғыстау облысы – 280
- Павлодар облысы – 193
- Қостанай облысы – 187
- Ақмола облысы – 170
- Шығыс Қазақстан облысы – 141
- Солтүстік Қазақстан облысы – 57.