Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам
Президент қазақстандықтарды Балалар күнімен құттықтады
АСТАНА. 1 маусым. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз азаматтарын Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтады. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Президент өз құттықтауын Twitter әлеуметтік желісі парақшасында жариялады.
«Барша қазақстандықтаржы Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтаймын. Бұл – өскелең ұрпақтың амандығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын мереке. Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге қақылы», – делінген онда.
Қасым-Жомарт Кемелұлы осы мәтінде орыс тілінде де жариялады.