Crew Dragon ғарыш кемесі халықаралық станцияға жетті
ВАШИНГТОН. 31 мамыр. Бүгін тү ауа америкалық «Crew Dragon» ғарыш кемесі халықаралық ғарыш станциясымен түйісті. Бұл туралы НТВ хабарлады.
Өнертапқыш Илон Мактің «SpaceX» жеке компаниясы ұшырған корабльдің бортында екі астронавт бар. Олар – пилот-сынақшылар Дуглас Хёрли мен Роберт Бенкен станциядан «SpaceX» компаниясының ресми арнасы арқылы трансляция бере бастады.
«Falcon-9» космостық зымыраны бар «Crew Dragon» кораблі 30 мамыр күні Флорида штатындағы ғарыш айлағынан ұшып шыққан еді.
Бұл – Илон Масктің «SpaceX» корпорациясы жасап шығарып, ғарышқа ұшырған бірінші кораблі.
Астронавтарды екінші талпыныста ғарыш көгіне жібере алудың орайы келді. Бірінші ретінде мұндай әрекет 2020 жылғы 27 мамырда жасалған. Бірақ ауа райы жағдайының қолайсыз болуына байланысты ұшу кейінге қалдырылған.
Ғарыш кемесінен әуелі «Falcon 9» ракетасының бірінші сатысы алдымен ажырап қалды, содан кейін Атлант мұхитындағы «Of Course I Still Love You» платформасына сәтті қондырылды. Осыдан кейін екінші сатының кезегі келді. Сол кезде «Crew Dragon» кораблі салмақсыздық кеңістігіне өтті, ал саты одан ажырады.
Астронавтардың станцияға ұшып жеткенге дейінгі уақыты 19 сағатқа жуық болды.