ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Тәулікте тағы бір «антирекорд» тіркелді. Бұл жолы – 363!

АСТАНА. 22 мамыр. Өткен тәулікте елімізде 363 індет жұқтыру оқиғасы тіркеліп, оның жалпы саны 7597-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Қазақстан дәрігерлеріне коронавирустың әзірге берілетін түрі жоқ.

Бұған дейін 21 сәуірде – 214 оқиға, 7 мамырда – 225 оқиға, 17 мамырда – 307, 19 мамырда – 311 оқиға, 20 мамырда – 218 оқиға, ал 21 мамырда 268 оқиға орын алып, жоғары көрсеткіштер дүниеге келген еді.

Қарағанды облысы бір тәулікте 130 вирус шығарып, тағы бір антирекорд жасады. Осылайша, төртінші орыннан Батыс Қазақстан облысын ығыстырып шығарды.

Сонымен, өткен түнгі сағат 23:59-ға дейін тіркелген 363 оқиғаның аймақтар арасында бөлінісі мынадай:

Қарағанды облысы – 130, Астана қаласы – 54, Алматы қаласы – 35, Шымкент қаласы – 31, Атырау облысы – 25, Алматы облысы – 24, Түркістан облысы – 20, Қызылорда облысы – 9, Ақтөбе облысы – 9, Батыс Қазақстан облысы – 8, Жамбыл облысы – 7, Ақмола облысы – 7, Қостанай облысы – 3, Солтүстік Қазақстан облысы – 1.

Өткен тәулікте вирустан «аман» кеткендер қатарында Павлодар, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстары бар.

Сонымен, есепті кезеңдегі елдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 2001, Астана қаласы – 1457, Атырау облысы – 841, Шымкент қаласы – 539, Қарағанды облысы – 430, Батыс Қазақстан облысы – 360, Қызылорда облысы – 275, Түркістан облысы – 267, Алматы облысы – 262, Ақтөбе облысы – 242, Жамбыл облысы – 229, Павлодар облысы – 176, Маңғыстау облысы – 164, Ақмола облысы – 142, Қостанай облысы – 113, Шығыс Қазақстан облысы – 59, Солтүстік Қазақстан облысы – 40.

Осы кезге дейін 3843 адам жазылып, 35 адам қайтыс болды.

Көз жұмғандар мына аймақтарда тіркелді: Алматы қаласы – 10, Шымкент қаласы – 6, Астана қаласы – 5, Ақмола облысы – 4, Қарағанды облысы – 3, Павлодар облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button