23 Қараша, 23:11
RAST.kz
USD USD 455.12 ₸
EUR EUR 498.99 ₸
RUB RUB 5.55 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

28 Қазан 2026 18:39
- Жаңалықтар, Қоғам
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 28 қазан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жариялады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысы сөзінің басында әлемде тұрақсыздық белең алған қазіргі кезеңде еліміз ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырып, дамудың жаңа кезеңіне нық қадам басқанын атап өтті.

«Азаматтарымыз толыққанды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтылуы керек. Бұл – халықтың тұрмыс сапасын көтерудің маңызды шарты. Сондықтан, басты назарды инфрақұрылым құру ісіне аударамыз. Бұған дейін де айттым: Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуға тиіс. Мәселе жекелеген жобаларға қатысты болып отырған жоқ. Жалпы, барлық аймақта жаппай құрылысты бастап, жандандыру қажет», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті, Күшті, Таза, Озық Қазақстанды құру басты мақсат екеніне назар аударды.

«Бір сөзбен айтқанда, біз осы тарихи жауапкершілікті терең сезіне отырып, өскелең ұрпақтың игілігі үшін мол қаржы қалдырумен қатар, технологиялық тұрғыдан өркендеген, бәсекеге қабілетті әрі күшті экономикасы, озық инфрақұрылымы бар, өмір сүру үшін қолайлы, әр азаматтың өзін-өзі дамытуына барлық жағдай жасалған жаңа тұрпатты мемлекет құрып, аманат етуіміз керек. Мұны ең басты міндетіміз, тіпті тарихи маңызы бар миссиямыз деп айтуға болады», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі ілгерілету, инфрақұрылымды модернизациялау, көлік-логистика, энергетика әлеуетін нығайту, өнеркәсіпті жедел технологиялық жаңарту, аграрлық сектордың өнімділігін арттыру, су ресурстарын ұтымды пайдалану, инвестициялық ахуал мен бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту, Alatau City қаласын өркендету, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, Digital Qazaqstan стратегиясын іске асырып, жасанды интеллектіні жаппай енгізу, цифрлық экономиканы қалыптастыру, инфляцияны тежеу, қаржы, бюджет және салық саясатын жетілдіру, әлеуметтік қолдау мен ағарту жүйелерін жаңғырту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін күшейту, сондай-ақ қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын жан-жақты орнықтыру мәселелері бойынша бірқатар бастама көтерді.

 

Таңбалар: жолдауҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Ұқсас мақалалар

Ақпараттық-түсіндіру тобы Қызылордадағы кездесулерін жалғастыруда
Жаңалықтар

Ақпараттық-түсіндіру тобы Қызылордадағы кездесулерін жалғастыруда

05.11.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

30.10.2026
Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері
Жаңалықтар

Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері

28.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

    Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

  • Қызылорда: облыс әкімі қала тұрғындары үшін жеке қабылдау өткізді

  • Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік

  • Жасөспірім қыздардың қауіпсіздігі мен денсаулығы мәселесі – қоғам назарында

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 455.12 ₸
EUR EUR 498.99 ₸
RUB RUB 5.55 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist