23 Қазан, 09:10
RAST.kz
USD USD 447.94 ₸
EUR EUR 502.32 ₸
RUB RUB 5.52 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Министрлік жалған анықтама беретін жекеменшік клиниканы тексереді

20 Қазан 2026 20:36
- Әлеумет, Жаңалықтар
Министрлік жалған анықтама беретін жекеменшік клиниканы тексереді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 20 қазан. Денсаулық сақтау министрлігі Алматы қаласында жалған медициналық анықтама беруі ықтимал екеніне күдік келтірілген жекеменшік клиникаға тексеру жүргізеді. Бұл туралы министрлік баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратта көрсетілген Алматы қаласындағы «Аяжан» жекеменшік клиникасының қызметіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізуді бастайды. Тексеру жалған медициналық анықтамалар мен жеке медициналық кітапшаларды беруі мүмкін деген деректерді анықтауға бағытталады.

Тексеру нәтижесінде заң бұзушылықтар расталған жағдайда, уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдайды.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабына сәйкес ресми құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу, сондай-ақ жалған құжаттарды көрінеу пайдалану қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.

Медициналық құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес нақты жүргізілген медициналық қарап-тексерулер мен зерттеулердің нәтижелері бойынша ғана ресімделуге тиіс. Белгіленген тәртіпті айналып өтіп, мұндай құжаттарды ресімдеуге және пайдалануға жол берілмейді.

Заңсыз құжат ресімдеген адамдар ғана емес, жалған анықтамалар мен еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын көрінеу сатып алған немесе пайдаланған азаматтар да жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Министрлік азаматтарды медициналық негіздерсіз анықтама немесе еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ресімдеу туралы ұсыныстарға келіспеуге, медициналық ұйым қызметінің заңдылығын тексеруге және анықталған заңбұзушылықтар туралы құзыретті органдарға хабарлауға шақырады.

Қазақстанда деректерді қолмен енгізу көлемін азайтуға, медициналық құжаттаманың қалыптастырылуын бақылау мен оның ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін цифрлық құралдар жүйелі түрде енгізіліп келеді.

2026 жылдың басынан бері Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелері арқылы 13,7 миллионнан астам электрондық медициналық құжат қалыптастырылып, берілген.

Азаматтар электрондық форматта 8 095 396 медициналық анықтама мен еңбекке уақытша жарамсыздық парағын, сондай-ақ диспансерлік есепке қатысты 5 698 396 анықтама алған. Олардың қатарында психиатрия, наркология және фтизиатрия бағыттары бойынша берілген анықтамалар да бар.

Министрлік еңбекке уақытша жарамсыздық парағын алу үдерісін қайта қарап, оңтайландырды. Енді медициналық ұйым қызметкері медициналық ақпараттық жүйеде (МАЖ) құжатқа электрондық цифрлық қолтаңба қойғаннан кейін ғана еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі. Бұл құжаттың заңдылығын растауға мүмкіндік береді.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағының ашылғаны туралы ақпарат азаматтың келісімімен жұмыс берушіге жолданады. Атап айтқанда, hr.enbek.kz порталында жұмыс берушіге еңбекке уақытша жарамсыздық парағының ашылғаны және ұзартылғаны туралы мәліметтер қолжетімді болады. Ал қызметкер бұл құжатты Enbek HR мобильдік қосымшасы арқылы көре алады.

Электрондық медициналық құжаттар медициналық қарап-тексеруден өту, дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың қорытындыларын алу, еңбекке уақытша жарамсыздықты ресімдеу, мүгедектікті белгілеу рәсімдерінен өту, санаторийлік-курорттық ем алу, балаларға арналған медициналық құжаттарды ресімдеу және жұмысқа орналасу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен басқа да ақпараттық жүйелерге мәліметтер ұсыну үшін пайдаланылады.

Таңбалар: Алматыклиникатексеру

Ұқсас мақалалар

Алматыда этномәдени туризмнің «Қазақтың тойлы кеші» жобасы іске қосылады
Әлеумет

Алматыда этномәдени туризмнің «Қазақтың тойлы кеші» жобасы іске қосылады

16.10.2026
Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады
Әлеумет

Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады

16.10.2026
Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бес түрлі марапат алды
Әлеумет

Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бес түрлі марапат алды

16.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

  • Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысында жол құрылысымен танысты

  • МҰРАТБЕК ТОҚТАҒАЗИН ЭВОЛЮЦИЯСЫ

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 447.94 ₸
EUR EUR 502.32 ₸
RUB RUB 5.52 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist