23 Қазан, 01:10
RAST.kz
USD USD 447.94 ₸
EUR EUR 502.32 ₸
RUB RUB 5.52 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысында жол құрылысымен танысты

19 Қазан 2026 22:13
- Дәулет, Жаңалықтар
Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысында жол құрылысымен танысты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 19 қазан. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Үкімет басшысының тапсырмасымен Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі жол инфрақұрылымы жобаларының жүзеге асырылу жайын аралап көрді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Сапар барысында Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев онымен бірге жүрді.

Мемлекет басшысы тамыз айында телекөпір арқылы «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдарының құрылысын бастап беріп, тоғыз жолдың торабында тұрған еліміздің өсіп-өркендеуіне серпін беретін маңызды бағыттардың стратегиялық мәні айрықша екенін айтқан болатын.

Үкімет басшысының бірінші орынбасарына алдымен Қызылорда қаласының айналма автомобиль жолын қайта жаңғырту барысы таныстырылды. Бас мердігер «Қыран» серіктестігі қазіргі уақытта жол негізін төсеу, асфальтбетон қабаттарын салу және темірбетон су өткізу құбырларын орнату жұмыстарын жүргізуде. Жобаға 46,4 млрд теңге бөлінген, 2029 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Ал «Қызылорда – Сексеуіл» автомобиль жолының учаскесін қайта жаңғыртуға 242,3 млрд теңге қарастырылған. «Integra Construction KZ» ЖШС құрылысқа 131 жұмысшы мен 82 техниканы жұмылдырған. Қазіргі уақытта жол бойында топырақтың құнарлы қабаты алынып, жер төсемі төселуде. Сонымен қатар жобалық шешімдер әзірленіп, инженерлік-геодезиялық зерттеулер атқарылуда.

«Бейнеу – Сексеуіл» автомобиль жолын қайта жаңғыртудың ағымдағы жағдайы да назардан тыс қалмады. Жалпы 182,2 шақырым жолға 191,5 млрд теңге бөлінген. Құрылыс учаскелерінде 112 жұмысшы, 90 техника топырақ қабатын алу, төсеу жұмыстарына кіріскен. Нысан 4 учаскеге бөлінген.

Топографиялық-геодезиялық зерттеулер, топырақ карьерлерін барлау жұмыстары аяқталған. Қазіргі уақытта топырақ үлгілеріне зертханалық талдау жасалып, трассаның, жол қозғалысы қауіпсіздігі нысандарының жобалық құжаттамасы әзірленуде.

«Ұлғайсын – Сексеуіл» автомобиль жолын қайта жаңғыртуға 752,5 млрд теңге қарастырылған. Жоба аясында жұмыспен қамтылған 452 адам құрылыс учаскелерінде еңбек етуде.

Аталған жобалардың басты ерекшелігі – құрылыс кезінде көліктер бұрынғы жолмен жүреді. Жаңа жол толық салынып біткен соң көлік қозғалысы соған ауыстырылып, қолданыстағы жол қайта жаңғыртылады. Осылайша нысандар кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі.

«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы жаңа бағдарлар еліміздің транзиттік әлеуеті мен логистикалық мүмкіндіктерін еселеп арттыратынын атап өтті. Жол сапасына қатысты айтылған өткір сыннан нәтиже шығару керек. Сондықтан бірінші кезекте жұмыстың сапасына жете мән беру қажет. Сапалы, барлық талапқа сай жол ұзақ уақыт пайдалануға жарайды. Бұл стратегиялық маңызы зор нысандар Президентіміздің, Үкімет басшысының бақылауында», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Жолдар толық салынып біткен соң жүк тасымалы артып, ел экономикасын өркендетуге, туризмді дамытуға тың серпін береді, халықтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді. Басты мақсат елімізді Еуропа мен Азияны жалғастыратын жетекші логистикалық желінің біріне айналдыру болып отыр.

 

Таңбалар: жолдар жобасыҚызылорда облысыНұрлыбек Нәлібаев

Ұқсас мақалалар

Бірінші вице-премьер Қызылорда облысындағы құрылыс нысандарын аралады
Әлеумет

Бірінші вице-премьер Қызылорда облысындағы құрылыс нысандарын аралады

19.10.2026
Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті
Әлеумет

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

15.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысының жолдары жағдайымен танысты
Әлеумет

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысының жолдары жағдайымен танысты

10.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

  • Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысында жол құрылысымен танысты

  • Бірінші вице-премьер Қызылорда облысындағы құрылыс нысандарын аралады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 447.94 ₸
EUR EUR 502.32 ₸
RUB RUB 5.52 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist