18 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алматыда этномәдени туризмнің «Қазақтың тойлы кеші» жобасы іске қосылады

16 Қазан 2026 21:18
- Әлеумет, Жаңалықтар
Алматыда этномәдени туризмнің «Қазақтың тойлы кеші» жобасы іске қосылады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 16 қазан. Оңтүстік мегаполис шетелдік меймандар арасында қазақтың ұлттық дәстүрін кеңінен насихаттауға бағытталған «Қазақтың тойлы кеші» атты жаңа туристік жоба дайындалып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Аталмыш жоба аясында қазақтың үйлену тойына тән салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға негізделген мәдени-ойын-сауық кештерін өткізу көзделген.

Жаңа формат туристерге Қазақстанның мәдени мұрасымен музыка, ұлттық тағамдар, салт-дәстүрлер мен қонақжайлық рәсімдері арқылы танысуға кең мүмкіндік береді.

Бағдарламада беташар және сәлем салу дәстүрін сахналық қойылым түрінде көрсету, құдаларды қарсы алу салтымен таныстыру, фольклорлық ұжымдардың өнер көрсетуі, ұлттық би мен қазақ тағамдарынан дәм тату қарастырылған. Сондай-ақ ұлттық киім, саятшылық өнер және қазақтың тазы тұқымды иттерімен таныстыру сияқты ұлттық мәдениет құрылымдарына ерекше көңіл бөлінеді.

«Шетелдік туристердің Қазақстанның мәдениеті мен дәстүріне деген қызығушылығы артып келе жатқанын байқап отырмыз. Дегенмен ұлттық салт-дәстүрлеріміздің көбі олар үшін әлі де беймәлім. «Қазақтың тойлы кеші» жобасы қазақ мәдениетінің бай мұрасын түсінікті әрі қызықты форматта таныстыруға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – қонақтарды салт-дәстүрлермен таныстырып қана қоймай, олардың Қазақстан туралы жарқын әсер қалдыратын мәдени іс-шараға тікелей қатысуына жағдай жасау», – деді Resident Hotels қонақ үйлер желісінің директоры Серік Молданбаев.

Халықаралық туристік бизнес өкілдері де жаңа бағыттың келешегі зор екенін атап өтеді.

«Біз Үндістан, Оңтүстік Корея, Малайзия, Таиланд, Польша, Германия және БАӘ сияқты 13 елден келетін туристердің Алматыға сапарын ұйымдастырамыз. Бүгінде саяхатшылар табиғи көрікті жерлермен ғана емес, елдің төл мәдениетімен де жақынырақ танысуға ұмтылады. Мұндай жобалар туристік бағдарламаларды түрлендіріп, қонақтарға қазақтың салт-дәстүрлерімен танысудың бірегей мүмкіндігін ұсынады», – деді туроператор Вишал Джайн.

Осындай бастамаларды дамыту Алматының туристік мүмкіндіктерін кеңейтіп, туристерді қызықтыратын жаңа орын мен бағыт қалыптастыруға және шетелдік саяхатшылардың Қазақстанның ұлттық мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

2025 жылы Алматыға 754 мың шетелдік турист келсе, 2026 жылы бұл көрсеткіш 800 мыңнан асады деп болжанып отыр. Қалаға келетін туристер санының артуы этномәдени жобаларды дамытып, туристерге ұсынылатын бағыттар мен қызмет түрлерін кеңейтудің маңызын арттыра түседі.

Таңбалар: Алматықазақ тойларытуризм

Ұқсас мақалалар

Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады
Әлеумет

Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады

16.10.2026
Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бес түрлі марапат алды
Әлеумет

Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бес түрлі марапат алды

16.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты

08.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist