БЕРЛИН. 5 қыркүйек. Германия билігі Украинаға Ресейді атқылау үшін қажетті нысаналар мен қару-жарақтарды бере бастайтынын мәлімдеді. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Канцлер Фридрих Мерц украинның АН-124 әскери-көлік көлік ұшағына қатысты диверсия жасау әрекетіне орай Мәскеуге қысымды күшейтеді. Ол қыркүйек айында Iris-t кешені үшін мыңдаған шабуыл дрондарын, зениттік зымырандарды жеткізіп беруге уәде етті. Сондай-ақ, үкіметтік ортада Германия мен Украинаның барлау ынтымақтастығын жандандыру мәселесі талқылануда. Spiegel мәліметтері бойынша, ГФР үкіметі Украинаға Ресей Федерациясының аумағында кейінгі шабуылдар үшін мақсаттардың координаттарын жинауға көмектесу мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Қазіргі уақытта Германия 2000-ға жуық техника мен 5 000 сарбаздан тұратын 45-ші бронды бригаданы тұрақты орналастыру үшін Ресей шекарасына ауыстыруда. Литва армиясының запастағы полковнигі Гинтарас Ажубалис бригаданың әлеуеті бұрын Литвада орналасқан одақтас күштерден ондаған есе жоғары екенін айтады.
«Немістердің болуы тек бір бригадамен шектелмейді. Мұнда әуе қорғанысының элементтері және тағы басқалар пайда болады. Бұл – өте маңызды күштер», – дейді ол.
Германия әскери-әуе күштерінің қолбасшысы (люфтваффе) Холгер Нейман Ресейге соққы берудің ықтимал нүктелері туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, НАТО-ның кез келген еліне шабуыл жасалса, неміс әуе күштері жойқын әуе шабуылдарын ұйымластыруға дайын. Соққының ықтимал нысандарының ішінде ол Калининград облысын, Кола түбегін, Санкт-Петербургті, Қара теңіз флоты орналасқан Қара теңіз акваториясын атады. Генерал канцлер Мерцтің стратегиясы аясында люфтваффенің жедел модернизациясын қадағалайды.
Нейманның айтуынша, егер сигнал түссе, Германия әскери-әуе күштері «дәл бүгін түнде күресуге» әзір тұр.
4 тамызда Лейпциг әуежайының аумағында әскери жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылған украиналық әскери көлік ұшағының жанынан жарылғыш заттар табылған. Тергеу мәліметтері бойынша, ол ұшаққа шабуыл жасауға арналған. Кейінірек неміс тергеушілері әуежай маңынан тағы бір дрон тапты, ал келесі күні 50 грамм жарылғыш зат табылды.
Тергеуден кейін Германия билігі Ресейді диверсия ұйымдастырды деп айыптады.
USD




