5 Қыркүйек, 12:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Roca Group» компаниясының өндірістік жобалары талқыланды

3 Қыркүйек 2026 18:30
- Дәулет, Жаңалықтар
«Roca Group» компаниясының өндірістік жобалары талқыланды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 3 қыркүйек. Бүгін Қызылорда облыстық әкімдігінде «Roca Group» компаниясының өндірістік жобаларына қатысты мәселелерді пысықтау жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне жүгінген rast.kz хабарлайды.

«Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев «Roca Group» компаниясының басшысы Даниэль Эрнандеспен кездесті. Кездесуде санитарлық-техникалық бұйымдар зауытын салу және компанияның өндірістік жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды», – делінген мәтбұғат парақшасында.

Баспасөз қызметі мәлімдегендей, биылғы тамыз айында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың облысқа жұмыс сапары кезінде жыл соңына дейін смесительдер мен инсталляциялық жүйелерді құрастыру желісін іске қосу жоспарланғаны айтылған. Қазіргі таңда жаңа өндіріс орнының құрастыру цехын орналастыру үшін жергілікті «Панабек» және «Көлік құрылыс компаниясы» серіктестіктерінің өндірістік ғимараттары ұсынылып отыр.

Кездесуде сонымен қатар «Панабек» серіктестігі санитарлық-техникалық бұйымдарды өндіруге қажетті металл инсталляцияларын әзірлеп, компания өкілдеріне таныстырды. Өнім сапасы «Roca Group» компаниясының талаптарына сәйкес келген жағдайда, жергілікті кәсіпкерлермен өзара тиімді әріптестік орнату мүмкіндігі қарастырылады.

Жоба аясында жергілікті қамтуды арттыруға және компания өнімдерін өңірдегі құрылыс нысандарында пайдалануға басымдық беріледі. Атап айтқанда, әлеуметтік нысандарға, Президент саябағы аумағындағы бес және үш жұлдызды қонақүйлерге осы бұйымдар қолданылады.

Облыс әкімдігі өңірдегі инвестициялық жобаларға және компанияға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.

Таңбалар: Roca GroupҚызылордаөндірістік жоба

Ұқсас мақалалар

Қызылордада Қазақстан халқы тілдері күніне арналған облыстық форум өтті
Әлеумет

Қызылордада Қазақстан халқы тілдері күніне арналған облыстық форум өтті

04.09.2026
Қызылордада тағы бір инновациялық шығармашылық орталығы салынады
Жаңалықтар

Қызылордада тағы бір инновациялық шығармашылық орталығы салынады

28.08.2026
Қызылордада Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті
Әлеумет

Қызылордада Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті

28.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist