22 Тамыз, 00:08
RAST.kz
USD USD 456.88 ₸
EUR EUR 534.64 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

21 Тамыз 2026 20:38
- Жаңалықтар, Қайнар
Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 21 тамыз. Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева енді сәл болмағанда, ұлттық киностудияны пысықайлардың күштеуімен құртып ала жаздағандарын айтты. Бұл туралы Үкімет баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Алматыға жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қала әкімі Дархан Сатыбалдымен бірге отандық кино өнерінің тарихына арналған тақырыптық саябақ құру жобасымен танысты.

Сапар барысында «Қазақфильм» киностудиясының қазіргі жай-күйі мен өндірістік әлеуетіне назар аударып, алдағы даму жоспарлары атап өтілді.

Киностудия аумағын дамыту мәселесіне ерекше мән берілді. Алматы әкімдігі 5,5 гектар аумақта отандық кино өнерінің тарихы мен кино саласының көрнекті қайраткерлеріне арналған заманауи тақырыптық саябақ жасауды жоспарлап отыр.

Парк аумақтың мәдени және туристік тартымдылығын арттыратын ашық қоғамдық кеңістік ретінде бой көтереді. Онда келушілер отандық кино өнерінің тарихымен, киностудияның қызметімен және музей экспозицияларымен таныса алады.

Келешекте саябақ отандық кинематографистер мен мәдениет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен мәдени-ағартушылық іс-шаралар өткізілетін қосымша алаңға айналуы мүмкін.

«Өкінішке қарай, біз ұлттық киностудиямыздан айырылып қала жаздадық. Оны қолдан банкроттыққа жеткізуге тырысып, іс жүзінде қатардағы продюсерлік компаниямен теңестіріп қойған еді. «Қазақфильмді» сақтап қалу үшін заңнамалық деңгейде қолдау шаралары қабылданды. Соның ішінде киностудияны мемлекет тарапынан тікелей қаржыландыру да көзделген. Бүгінде аумақты абаттандыруға ерекше көңіл бөлініп отыр, ал келесі жылы павильондарды жөндеуге кірісу жоспарланған. Саябақ аумағының қазіргі жағдайы қандай екенін өздеріңіз де көріп отырсыздар. Киностудия аумағын кең көлемде абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу жөнінде шешім қабылдаған Алматы әкіміне шынайы алғысымды білдіремін. Нәтижесінде «Қазақфильм» аумағы отандық кино өнерінің тарихына арналған тақырыптық павильондары бар, отбасылық демалысқа қолайлы заманауи кеңістікке айналуға тиіс», – деді Аида Балаева.

Бұдан бөлек, Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақфильммен» бірлесіп, киностудия аумағының қалған бөлігін кешенді жаңарту мәселесін пысықтауда. Бұл жұмыстар ғимараттар мен инженерлік желілерді күрделі жөндеуді, сондай-ақ аумақты абаттандыруды қамтиды.

Бұған қоса, киностудия жеке продюсерлік компаниялармен бірлесе жұмыс істеуді жалғастырып, өндірістік бөлімшелердің тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөліп келеді. Жаңғырту аясында реквизиттер мен жабдықтарды цифрландыру жобасы жүзеге асырылуда. Соңғы 15 жылда алғаш рет демеушілік қаражат есебінен ішінара әрлеу-жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Таңбалар: Аида БалаеваАлматыҚазақфильм

Ұқсас мақалалар

Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті
Әлеумет

Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

20.08.2026
Сатыбалды ақырын Алматыны қазақша сөйлетуді бастаған сияқты
Әлеумет

Сатыбалды ақырын Алматыны қазақша сөйлетуді бастаған сияқты

15.08.2026
Канье Уэстің концерті өтетін күні Алматыда үш көше жабылады
Әлеумет

Канье Уэстің концерті өтетін күні Алматыда үш көше жабылады

10.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Өңеште тұрып қалған қақырықты қалай кетіруге болады?

  • Меркіде қайғылы қазаға ұшыраған Мәдинаның ажалы себебі елді шошытты

  • Сатыбалды ақырын Алматыны қазақша сөйлетуді бастаған сияқты

  • Каньенің концерті үшін қазақ тілінің не кедергісі бар?

  • Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.88 ₸
EUR EUR 534.64 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist