18 Қазан, 20:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада «Creative Battle: Al х Ұлттық өнер» сайысы мәреге жетті

20 Тамыз 2026 20:57
- Жаңалықтар, Қайнар
Қызылордада «Creative Battle: Al х Ұлттық өнер» сайысы мәреге жетті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 20 тамыз. Сыр бойындағы бас қалада «Creative Battle: Al х Ұлттық өнер» атты сайысы өз қорытындысын шығарды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Анаға тағзым» орталығында өткен сайыс ұлттық қолөнерді заманауи технологиялармен ұштастырып, креативті кәсіпкерлердің жаңа өнім әзірлеуіне мүмкіндік береді. Хакатон және баттл элементтерін біріктірген жоба мақсаты ұлттық мәдени мұраны сақтай отырып, жаңа идеялар негізінде Сыр өңірінің брендтік ерекшелігін айқындайтын, нарық сұранысына сай жаңа өнімдерді әзірлеуге қолдау көрсету болып табылады.

Жоба аясында алдымен қатысушылар үшін акселерациялық кезең ұйымдастырылып, олар өз идеяларын жетілдіру, өнім тұжырымдамасын қалыптастыру және оны нарыққа бейімдеу бағытында практикалық жұмыстар жүргізді. Ал іріктеу кезеңінде командалар «Сырдан сый» тақырыбы аясында әзірлеген өнімдерін таныстырып, олардың Сыр өңірінің брендтік ерекшелігін қалай көрсететінін қазылар алқасының алдында қорғады. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен «Creative queens», «Өрнек», «Korik-ai», «Тұмар», «Сыр өрімі» және «Aydia» командалары финалдық кезеңге жолдама алды.

Өңірдегі креативті индустрияны дамытуға бағытталған жоба ережесіне сай финалдық кезеңде қатысушылар экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ОКЭД) сәйкес дайын тоқыма бұйымдары, ұлттық киім және аксессуарлар, былғары бұйымдар, ағаштан және табиғи материалдардан жасалған бұйымдар, керамикалық тұрмыстық және сәндік бұйымдар, зергерлік бұйымдар сондай-ақ, кәдесый және өзге де дайын бұйымдар бағыттары бойынша өз жұмыстарын ұсынды. Дайын бұйымдарды қайта өңдеу арқылы жаңа өнім жасау қабілеттерін де танытты.

Қолөнер шебері, дизайнер және ЖИ маманынан құралған командалар жұмысы өнімнің креативтілігі, жасалу техникасы, сапасы, қаптамасы, көркем безендірілуі және маркетингтік құралдарды тиімді пайдалануы бойынша бағаланды.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар Бас жүлдемен, I, II және III дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Жүлде қоры 1 000 000 теңгені құраған жоба кәсіпкерлердің тәжірибе алмасуына, шығармашылық әлеуетін дамытуына септігін тигізіп,  ұлттық қолөнер мен заманауи технологияның жаңа мүмкіндіктерін тоғыстырған креативті алаңға айналды.

Таңбалар: жүлдеҚызылордаұлттық өнер сайысы

Ұқсас мақалалар

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді
Әлеумет

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

10.10.2026
Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды
Аймақ

Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

09.10.2026
Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді
Аймақ

Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді

09.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist