Маса COVID-19 инфекциясын тарата ала ма?
ЕКАТЕРИНБУРГ. 10 сәуір. Ғалымда шыбын-шіркейдің, соның ішінде масаның коронавирус инфекциясын таси алмайтынын айтты. Бұл туралы Ura.ru хабарлады.
Свердловскілік энтомолог, ДНК маманы Константин Китаев портал тілшісімен әңгіме барысында бұл мәселеге де тоқталып өтіп, шыбын-шіркейді «тентек тұмау» ауруының тасымалдаушысы бола алмайтынын мәлімдеді.
«Қытайлар зерттеу жүргізіп, қансорғыштардың, мұнымен бірге шыбындардың коронавирусты тарата алмайтындарын анықтапты. Оларддан қорқатын дәнеңе жоқ», – деп есептейді сарапшы.
Энтомолог Юлия Ловцова ғылыми қауымдастықта масалардың коронавирусқа ұшырайтыны туралы дерек жоқ екенін растады.
«Шыбындар жөнінде де осыны айтуға болады. Ауру адам түшкіріп қалғанда, оның қолында қонып отырған шыбын ұшып барып, келесі адамға жабысқанымен, одан ауру тарамайды», – деген тұжырым білдірді ол.