Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 764-ке жетті
АСТАНА. 9 сәуір. Астана уақытымен сағат 14:55-тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша тағы 5 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырып алғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Сонымен, Қазақстан бойынша жалпы көрсеткіш 764-ке толды. Жаңадан қосылғандардың 3-і – Атырау облысынан, 1-і – Алматы қаласынан, 1-і Маңғыстау облысынан табылды.
Қазір еліміздегі ахуал мынадай: Астана қаласы – 223, Алматы қаласы – 121, Қызылорда облысы – 92, Қарағанды облысы – 57, Ақмола облысы – 56, Жамбыл облысы – 45, Атырау облысы – 42, Түркістан облысы – 34, Шымкент қаласы – 27, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 10, Маңғыстау облысы – 7, Шығыс Қазақстан облысы – 6, Батыс Қазақстан облысы – 4, Қостанай облысы – 3, Павлодар облысы – 1.
Осы кезге дейін коронавирустан республика бойынша 55 адам жазылып шықты. Олардың 30-ы – Астана қаласынан, 23-і – Алматы қаласынан, 1-і – Солтүстік Қазақстан облысынан, 1-і – Ақтөбе облысынан.
Қайтыс болғандар саны – 7 (Ақмола облысы – 3, Астана қаласы – 1, Қарағанды облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Шымкент қаласы – 1).