Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Ресейдің ең жаңа ядролық зымыраны сынақ кезінде тағы жарылды

МӘСКЕУ. 1 желтоқсан. Кремльдің ең жаңа ядролық зымыраны бір жыл ішінде өткен екінші рет сынақ барысында да ауада жарылысып кетті. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Әскери сарапшылардың пікірінше, өткен жұма күні түстен кейін Орынбор облысының Ясный қаласындағы стратегиялық зымыран күштері базасында орын алған жарылыс ең жаңа «Сармат» ядролық зымыранын сынаудың тағы да сәтсіз аяқталғанын көрсеткен.

Куәгерлер түсірген кадрларда зымыранның шахтадан ауаға көтеріліп бара жатып, кенет кейін қарай құлдырап, жана бастағаны, сосын күлге айналып кеткені, ал соңында алып қызғылт-күлгін түсті саңырауқұлақ бұлтын қалдырғаны көрінеді.

БҰҰ-ның қарусыздану зерттеулері институтының аға ғылыми қызметкері Павел Подвигтің айтуынша, Орынбор маңында сұйық отынмен ұшатын құрлық аралық баллистикалық зымыран жарылған, барлық белгілер бойынша оның «Сармат» болғаны айқындалып тұр. Ресей бұл ракетаны 2013 жылдан бері ескірген кеңес дәуіріндегі құрлықтағы зымырандарын ауыстыру үшін жасап келеді. Президент Владимир Путин «Сармат» зымыраны 2020 жылы әскери күштерге жеткізіледі деп уәде берген, бірақ зымыран ешқашан ұша алған жоқ. Шамамен бір жыл бұрын оны сынауға жасалған бұрынғы әрекет сәтсіз аяқталған болатын, зымыран Плесецк сынақ полигонындағы шахтада жарылып, орнында алып кратер қалдырған.

Француз стратегиялық зерттеулер қорының (FRS) ғылыми қызметкері Этьен Маркустың пікірінше, «Сармат» сынағы тағы да сәтсіз аяқталған болуы мүмкін. Сарапшының айтуынша, Путин биыл оның пайда болғанын жария етіп қойғандықтан, әскерилер зымыранды шұғыл түрде сертификаттауға күш салулары керек.

Маркус «Sentinel 2» жер серігінің суреттеріне сілтеме жасай отырып, зымыранның қоймадан 1 км қашықтықта құлап, орнында 70 метрлік кратер қалдырғанын айтты.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button