Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Киев Украина әскері санын қысқарту мен жерін беруден бас тартты

КИЕВ. 21 қараша. Украина билігі елдің Қарулы күштері қатарын қысқартып, жауға басып алған аймақтарын беруден үзілді-кесілді бас тартып отыр. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Неміс толқыны» (DW) радиосы Киевтің ешқашан басқыншыларға территориясын беруге және әскерлері қатарын азайтуға келіспейтінін атап көрсетті.

«Киев соғысты тоқтату үшін келіссөздер жүргізуге дайын, бірақ Украинаның қарулы күштерін қысқартпайды және уақытша басып алынған аумақтарды Ресей аумағы деп танымайды», – деп мәлімдеді Украинаның БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары АҚШ үкіметінің ұсынысына жауап ретінде.

Киев Дональд Трамптың бейбітшілік жоспарын талқылауға дайын, бірақ Украинаның аумақтық егемендігі туралы келіссөздер жүргізу мүмкін емес. Мұның жайын 20 қараша, бейсенбі күні Нью-Йоркте өткен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің брифингінде Украинаның БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары Христина Гайовишин (суретте) мәлімдеді.

«Украина Америка тарапынан Трамп әкімшілігінің бейбітшілікті реттеу жоспарының жобасын ресми түрде қабылдап алды», – деп растады Гайовишин. «Біз жоспардың ережелері бойынша соғыстың әділ аяқталуын қамтамасыз ететіндей жұмыс істеуге келісеміз», – деп атап өтті ол.

Тұрақты өкіл орынбасарының айтуынша, Киев басшылық деңгейінде де сындарлы келіссөздерге дайын, бірақ аттап өтуге болмайтын бірқатар «қызыл сызықтар» бар. Осылайша, Украина оккупанттар армиясы уақытша басып алған аумақтарды Ресейдің террориясы деп танымайды. «Біздің жеріміз сатылмайды», – деді Гайовишин.

Киев өзін-өзі қорғауға, сондай-ақ Украина Қарулы күштерінің саны мен мүмкіндіктеріне шектеуді талап ететін ережені қабылдамайды. Украина билігі одақтастарды таңдауға да шектеуге жол бермейді. «Украина тарапы Ресей агрессиясының негізінде жатқан және украинның жеке басын, әсіресе тілдік деңгейде, бұзатын «терроризм мен геноцидке» қарсы тұруды жалғастырады», деп қосты дипломат.

Киев «Украинаның қатысуынсыз Украинаның ешқандай да мәселесі, Еуропаның қатысуынсыз Еуропаның ешқандай мәселесі талқыланбауы керек екенін тағы қадап айтты.

«Ресей экономикалық, саяси және әскери тұрғыдан шегінуге мәжбүр болуы керек», – деді БҰҰ жанындағы Тұрақты өкіл.

Бұған дейін америкалық Axios порталы Трамптың 28 тармақтан тұратын жоспарын әзірлеуді басқарған АҚШ президентінің елшісі Стивен Уиткоффтың 15-16 қарашада Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рүстем Умеровпен ұсынылған кепілдіктерді талқылағанын хабарлаған болатын. 20 қарашада олар ондай қозғалған жайттарды Украина президенті Володимир Зеленськийге жазбаша түрде тапсырылды.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button