Ресейлік белгілі тележүргізуші Юрий Николаев өмірден өтті

МӘСКЕУ. 4 қараша. Ресейлік белгілі тележүргізуші және Ресейдің халық әртісі Юрий Николаев қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Қайғылы хабарды балет бишісі Николай Цискаридзе өзінің Telegram арнасында жеткізді.
«Юрий Николаев көкке ұшып кетті… Өте жақында ғана біз «Сегодня вечером» бағдармасының эфирінде көптеген жұлдыздарды жарығын жаққан адамның кәсіби мерейтойын атап өткен едік… Ал қазір оның қайтыс болғаны туралы хабар келіп жатыр… Қандай өкінішті! <…> Құтты естелік сияқты», – деп атап өтті ол.
Mash басылымы 76 жастағы Юрий Николаевтың қатерлі ісіктің қайталануынан және өкпесінде жаңа ісіктердің пайда болуынан қайтыс болғанын жазды.
Мәнбелердің айтуынша, әртіс өмірінің соңғы айларында созылмалы тыныс алу жолдарының ауруларымен ауырған, соның салдарынан қатты ентігу, жөтел, әлсіздік және бас айналу секілді күйлерді бастан кешкен. Тележүргізушінің жағдайы биыл үйде құлап, жамбасының сынуынан кейін күрт нашарлаған.
Дәрігерлердің бірнеше рет ескерткеніне қарамастан, Николаев темекі шегуді тоқтатпаған, ол күніне екі қорап темекі дейін шегіп жүрген. Ақырында кеселін асқындырып алған тележүргізушінің денесі шыдай алмады.
Қалың көрерменге Юрий Николаевтың есімі Одақ кезінен бері Бірінші арнада ««Утренняя почта», «Утренняя звезда» және «Достояние республики» тележобалары арқызы кеңінен танымал болды.
Николаевтың екі некеге тұрғанына қарамастан, балалары болмаған. Оның Галина есімді әйелмен болған алғашқы некесі колледжде оқып жүргенде кезінде орын алған. Екінші рет танымал музыкант Александр Гравистің қызы Элеонора Грависпен некеге тұрған.






