АҚШ Президентінің арнайы өкілдері Алматыға ұшып келді

АЛМАТЫ. 28 қазан. АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Алматыға келіп қонды. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Қазақстанға келді», – деп атап өтті Ақорданың баспасөз қызметі.
«Алматыға АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Қазақстанға келді. Сапар бағдарламасында қазақ-америка қарым-қатынасының перспективасы, сондай-ақ күн тәртібіндегі халықаралық және өңірлік мәселелер талқыланатын бірнеше кездесу өткізу қарастырылған», – делінген хабарламада.
Бүгін Гор мен Ландау Алматыда Қазақстанда жұмыс істейтін америкалық компаниялардың бамшыларымен және іскерлер шеңберінің өкілдерімен кездесті. «Олар сондай-ақ қазіргі заманғы музейде, «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында және «Медеу» мұз айдынында болды. Мәртебелі меймандарды Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің жетекшісі Айбек Дәдебай алып жүрді», – деді Ақордадағылар.
Шындығы керек, бұдан бірқатар күндер бұрын АҚШ Президенті Дональд Трамп Орталық Азия елдері басшыларын 6 қарашада саммит өткізу үшін шақырған болатын. Америкалық жоғары лауазымды шенеуніктердің бұл сапары сол саммит алдындағы дайындықты тексеруге арналады.
Осы күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональ Трампқа хат жолдап, Уашингтонда өтетін Орталық Азия – АҚШ форматындағы саммитке қатысуға шақырғаны үшін шынайы ризашылығын білдірді.
«Мемлекет басшысы аталған бастама дер кезінде көтеріліп отыр деп санайды. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі мақсаттарын, атап айтқанда, ақыл-парасатқа негізделген дәстүрлі құндылықтарға беріктігін, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауға ұмтылысын қолдайды», – делінген Ақорда хабарламасында.






