Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президентімен кездесті

НЬЮ-ЙОРК. 23 қыркүйек. Қазақстан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америкаға сапары барысында Украина лидері Володимир Зеленськиймен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Володимир Зеленськиймен кездесті.
Мемлекеттер басшылары қазіргі аса қиын жағдайда, Украина басқыншы жаумен арпалысып жатқан пәйтте екі жақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты қалай қалыптастырып, дамытуға болатыны жайлы мәселелерді талқылады.
Өз кезегінде Володимир Зеленський Украинадағы жағдай жайлы біршама айтып өтті, алдағы жоспарларынан хабар берді.
Қазақстан Президенті осынау аса күрделі ахуалға қатысты пікір білдіріп, қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударды.
Әлем бұқаралық ақпарат құралдарында атап өтілгендей, екі ел Президенттерінің бұл кездесудегі өзара әңгімелері бастан-аяқ ағылшын тілінде жүрді.
Мұның Кремльдің күресін сынды калрларына ұнамай қалғаны анық. Олар, сірә, кездесуде екі Мемлекет басшысы бір-бірімен орыс тілінде тіл қатысады деп ойласа керек. Бірақ олай болмай шықты.
Бұған алғашқы болып шабаланған шовинистік шырайдағы шенді шенеуніктер арасында Ресей сыртқы істер министрінің арнайы өкілі Мария Захарованың даусы бәрінен қатттырақ шығып жатқанға ұқсайды. Оған осылай от көсетіп отырған тағы біреулердің бары тағы анық.







