25 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ресей билігі Владивостокта Дзержинскийге ескерткіш орнатты

2 Қыркүйек 2025 15:53
- Жаңалықтар, Тіршілік
Ресей билігі Владивостокта Дзержинскийге ескерткіш орнатты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ВЛАДИВОСТОК. 2 қыркүйек. Ресей билігі кеңестік-большевиктік лидерлер даңқын қайтары мақсатындағы шараларын жалғастырып жатыр. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Осы науқанның дүмпуімен күні кеше Бүкілресейлік төтенше комиссияның (ВЧК) негізін қалаушы және қызыл террорды ұйымдастырушы Феликс Дзержинскийге Приморье өлкесі прокуратурасы ғимаратының жанынан ескерткіш орнатылды. Ол Владивосток әкімшілігі ғимаратының қарсы бетінде тұр.

«Ескерткіш облыстық ФСБ ардагерлері мен қазіргі қызметкерлерінің бастамасымен, әкімдік пен губернатор Олег Кожемяконың қолдауымен пайда болды», – деп хабарлады Приморье өлкесінің лаңкестікке қарсы комиссиясы.

Ескерткіштің ашылу салтанатына облыстық ФСБ департаментінің бастығы генерал-лейтенант Денис Симонов қатысты. Ол Дзержинскийді «нағыз патриот», «Отан үшін көп еңбек сіңірген чекистердің барлық ұрпақтарына үлгі» деп атады. «Феликс Эдмундович – өз Отанының адал перзенті, ол адам құқығы идеяларына соңына дейін берілген», – деді Симонов. Оның айтуынша, Дзержинский «кез келген мәселеге терең және тез бой алдырған» және өмір бойы өз ісіне адал болған. Қыркүйек айында теңіз жағасындағы тағы бір қала – Находкада чекисттің бюсті ашылады. Онда ол Сталиннің ескерткішінен кейін пайда болады.

1917 жылы Дзержинский Төңкерістің қарсыластарын анықтап, шенеуніктерді, мамандарды түрлі қауіп-қатерлерге ұшырап, Кеңес үкіметіне жұмыс істеуге мәжбүрлейтін Чека-ны құрып, басқарды. Комиссия ОГПУ, НКВД, КГБ, ФСБ-ның предшественнигі болды. 1918 жылы «Қызыл террор туралы» декреттің қабылдануымен ол адамдарды концлагерьлерге жіберу және сотсыз жазалау құқығын алды. Бұл Азамат соғысы кезінде кең тараған тәжірибеге айналды.

Украинаға басып кіруге дейін Ресейде Дзержинскийдің 40-тан астам ескерткіші болған. Бұл көрсеткіште оны КСРО-ның негізін салушы Владимир Ленин, ақын Александр Пушкин, Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі Сергей Киров, жазушы Максим Горький, ғарышкер Юрий Гагарин ғана басып озды.

Дзержинскийдің ең атақты ескерткіші Мәскеудегі Лубянка алаңында, КГБ ғимараттар кешеніне қарама-қарсы жерде, 1958 жылы орнатылған. Ескерткіш 1991 жылы 22 тамызда Мемлекеттік Төтенше комитеттің мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті сәтсіз аяқталғаннан кейін жергілікті тұрғындар тарапынан бұзылған. Мүсін Крымский Валдағы Музеон саябағына көшірілді. Кейінгі жылдары ескерткішті бұрынғы орнына қайтару мәселесі бірнеше рет көтерілді, бірақ соңында бәрі өзгеріссіз қалды.

Таңбалар: ВладивостокДзержинскийескерткіш

Ұқсас мақалалар

Астанада «Үш арыс» ескерткіші үстіне мініп алған есірік қыз ұсталды
Әлеумет

Астанада «Үш арыс» ескерткіші үстіне мініп алған есірік қыз ұсталды

27.05.2026
Вологдада екі жылда Сталинге төртінші ескерткіш орнатылады
Жаңалықтар

Вологдада екі жылда Сталинге төртінші ескерткіш орнатылады

28.01.2026
Семейдің жанында қылмыс әлемінің серкесіне ескерткіш қойылды
Аймақ

Семейдің жанында қылмыс әлемінің серкесіне ескерткіш қойылды

14.07.2025

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist