Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Қызылордада пробация бақылауындағы 23 сотталушы қамауға алынды

ҚЫЗЫЛОРДА. 12 шілде. Қызылордада пробация бақылауында тұрған 23 сотталушы заң шеңберінен шығып кетулері салдарыан қамауға алынды. Бұл туралы Polisia.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қазір Қызылорда облысында пробация қызметінің бақылауында 1000-ға жуық сотталған азамат тұр. Олардың барлығы соттың жүктеген міндеттерін орындауға міндетті. Алайда жыл басынан бері 23 сотталушы соттың өздеріне жүктеген міндеттерін орындамағандықтан бас бостандығынан айыру орындарына жіберілді. Олар енді жазаларының өтелмеген бөлігін түзеу мекемесінде атқаратын болады.

«Пробация қызметі есептегі азаматтармен тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Соған қарамастан тіркеуге келмей, мекенжайында болмай, сот жүктеген міндеттерді орындамай, жазадан жалтарып жүргендер де кездеседі. Күнделікті мекенжайларынан тексеріп, құқықтық түсіндіру және профилактикалық шаралар өткізіледі. Басты мақсат – сотталғандарды қайта қылмыс жасауға жол бермеуге, заң талаптарын орындауға шақыру», – дейді пробация қызметтеріне басшылық жасау тобының бас маманы Ғаламат Құлманов.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button