Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Трамп: Путиннен еш қайран жоқ екен, енді Украинаға жақтасамыз

УАШИНГТОН. 4 шілде. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президентімен болған әңгімеден жақсы әсер алмағанын айтты. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Биылғы қаңтар айынан бері Кремльдің көсемімен осымен алтыншы рет телефон арқылы сөйлескен Ақ үйдің қожайыны бұл жолы әріптесінен түңіліп шыққанын байқатты.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей лидері Владимир Путинмен телефон желісінде сөйлескен кезінде РФ-ның Украинадағы соғысын тезірек тоқтату жөнінде айтылған уәжінің босқа кеткенін, онымен бұған дейінгі әңгімелердің бәрінде ілгерілеушілік болмағанын мойындады.

Ақ үйдің басшысы бұл мәлімдемені 3 шілде, бейсенбі күні Уашингтон маңындағы Эндрюс әскери базасында журналистермен жүздескен сәтінде жасады.

«Бұл бір өте ұзаққа созылған әңгіме болды, біз көп нәрсені, соның ішінде Иранды, сондай-ақ, өздеріңіз білетіндей, Украинамен соғысты талқыладық. Бірақ мен бұған аса шаттанып отырғам жоқ», – деді Америка президенті. «Мен онымен (Путин. – ред.) әңгімеде ешқандай прогресске қол жеткізе алған жоқпын», – деді сосын Трамп.

Бұған қоса, америкалық көшбасшы АҚШ Киевке қару-жарақ жеткізуді жалғастырып жатқаны туралы мәлімдеме жасады. Қару-жарақ береміз, енді олармен (украиндармен. – ред.) жұмыс істеп, көмектесуге күш саламыз», – деді ол.

«Білесіздер ме, Байден оларға қару беру арқылы біздің бүкіл елімізді жойып жіберді және біз өзімізде жеткілікті екеніне көз жеткізуіміз керек», – деп түйіндеді Трамп.

Шілденің 1-і күні АҚШ-тың бұдан былай Украинаға көмектесудіғ тоқтатылғаны жайлы ақпар тарады. Оны өз бетінше таратқан қорғаныс министрі Пит Хегсет екен. Ал президент Дональд Трамп мұны білмейтін болып шықты.

Осы күні Ақ үйдің қожасы Украина президентімен де 40 минут телефон арқылы сөйлесті. Онда Трамп украин әскерлеріне қолдау білдіретінін растады.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button