Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Футбол: «Барселона» банкрот болғалы тұр ма?

БАРСЕЛОНА. 29 наурыз. Коронавирус эпидемиясының салдарынан атақты «Барселона» футбол клубы банкротқа ұшырап қалуы әбден мүмкін. Бұл туралы испанның El Pais газеті хабарлады.

Әңгіме 27 наурыз, жұма күні Еуропа клубтары ассоциациясының отырысы кезінде көтерілді. Сол жиында Германия топ-менеджерлерінің бірі коронавирус індетінің соққысынан испанның «Барселона» клубы банкротқа ұшырауы ықтимал екенін сөз еткен. Бірақ топ-менеджердің аты-жөні атап көрсетілмеген.

«Егер күтпеген жерден әлдеқандай бір оқиғалар бола қалса, «Барселона» банкротқа ұшырайтын бірінші топ-клуб атанады», – депті неміс менеджері.

Оның пікірінше, коронавирус эпидемиясы Каталония алыбының табысына өте қатты әсер етеді. Себебі, ол табысының негізгі бөлігін Чемпиондар лигасы мен Испания біріншілігінде өткізетін матчтарынан табады. Сарапшының пікірінше, клубтың ендігі жоғалтатыны 140 млн долларды құрамақшы. Мұндай жағдай «Барселонаның» бундеслига командаларының өмір сүру салтына ұқсамайтын авантюралы қаржы моделіне бірден сұрапыл соққы болып тиеді.

Атап өтейік, «Барселона» Еуропадағы шығын ведомоствосы ең көп клубтардың қатарына жатады. Қазір «Барса» басшылығы қызметкерлердің жұмыс күні мен жалақылары қысқартылатынын жариялап жатыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button