Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Қытай «Росатомды» – Мәскеудің нарықтағы соңғы тірегін күйретті

МӘСКЕУ. 3 маусым. Ресей халықаралық бизнестің тағы бір саласында – ядролық энергетикада көшбасшылық позициясын жоғалтып жатыр. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қытай Ресейді ядролық энергетика саласында да тығырыққа тірей бастады. Мұның жайын ресейлік белгілі экономист Вячеслав Ширяев алға тартты.

Қытайдың Ұлттық ядролық энергетикалық корпорациясы (CNNC) Қазақстанға «Росатоммен» ынтымақтастықтан бас тартып, небәрі 5,5 миллиард долларға жалпы қуаты 2,4 ГВт екі НПР-1000 реакторын салуды ұсынды. Ресей көршісіне 12-15 миллиард долларға, яғни 2,5 есе қымбатқа осыған ұқсас атом электр станциясын салмақшы болды.

Hualong One (HPR-1000) – Қытай тәуелсіз әзірлеген үшінші буын ядролық энергия технологиясы, ол тіпті жер сілкінісі мен цунами жағдайында да мызғымай тұра береді, «өте жоғары қауіпсіздік көрсеткіштеріне» ие. Бұдан да зоры: Қытай Қазақстанға ядролық отын циклі мен ғылыми-зерттеу инфрақұрылымында көмектесуге уәде берді, ал «Росатом» жергілікті жеткізілім тізбегі мен сервистік кәсіпорындардың дамуына жол бермей, сатылымнан кейінгі барлық қызметтерді өзіне қалдырады. Егер Қытай бұл нарықты жеңіп алса, Ресей қару-жарақ бизнесінен шығып қалып, экспорттық тауарлар тарата алмайды. Онда енді өндіріс көлемі азайып, 20-25 жылдан кейін жойылып кететін қазба байлықтардан басқа ештеңе қалмайды.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button