Германия министрі Ресейді неонацистік диктатура деп атады

БЕРЛИН. 2 маусым. Германияның мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі министрі Ресейді жаңа ұлтшыл диктатура тұрғысында сипаттады. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мемлекеттік министр Вольфрам Веймердің айтуынша, бүгінде көптеген елдерде ғылым мен мәдениеттің еркін дамуына мүмкіндік жоқ. Ол мәдениет және ғылым салаларындағы қазіргі жағдайды әлемнің көптеген елдерінде қауіп төндіреді деп санайды.
Министр ғылым мен өнер бостандығына «жаһандық мәдени соғыс» қаупі төніп тұрғанына сенімді. «Біз бұл құбылысты, әрине, Қытай мен Ресей сияқты неонацистік диктатураларда айқын көреміз», – деді Вольфрам Веймер ұзақ жылдар бойы әскери еңбегі үшін емес, ғылым мен өнер саласындағы ерекше жетістіктері үшін марапатталған немістің «Pour le Mérite» орденінің рыцарьлары алдында сөйлеген сөзінде.
Мемлекеттік министрдің ойынша, ұлтшылдық тенденциялары мен еркіндікті шектеуге ұмтылыс байқалатын Батысқа да осындай қауіп төніп тұр. Бұл, әсіресе Америкада айқын көрінеді. Оның пікірінше, диктатураны, әрине, демократиялық елдермен бір деңгейге қоюға болмайды, бірақ әлемнің ең ірі төрт елінде – Қытай, Ресей, Үндістан және АҚШ-та қоғамда ғылым мен мәдениет бостандығын шектеуге бағытталған тенденциялар аңғарылады.
«Pour le Mérite» («Ғылым мен өнерге сіңірген еңбегі үшін») ордені кавалерлерінің қауымдастығы бүгінде Германиядан және басқа елдерден 80-ге жуық көрнекті тұлғаларды біріктіреді. Орденді XIX ғасырда Пруссия королі Фридрих белгілеген. Бүгінде оның меценаты Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер болып отыр. Өткен жексенбі, 1 маусым күні Берлинде салтанатты жиын аясында орденнің жаңа рыцарьлары қарсы алынды.