Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Келлогг: Трамп Ресейдің ақылға қонымсыз деңгейіне таң қалды

УАШИНГТОН. 30 мамыр. АҚШ-тың Ресей мен Украина жөніндегі арнайы өкілі, генерал Кит Келлог өз президенті Кремль басшыларының ақыл-ойы деңгейінің төмендігіне таң қалып отырғанын баяндады. Бұл туралы УНИАН ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Арнайы өкіл АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы бітімгершілік келіссөздері үдерісіндегі «Ресейдің қисынсыз әрекеттерінен қатты көңілі қалғанын» жеткізді. Ол «ABC News» телеарнасына берген сұхбатында осының жайын тарқатты.

Генерал Мәскеудің Украина тарапына уәде етілген меморандумды әлі бермегенін баса айтты. Бұл келіссөздерді жалғастыру үшін қосымша тәуекелдер тудырады.

Ресей диктаторы Владимир Путин Трамппен әңгімесі кезінде апта ішінде соғысты тоқтатуды реттеу жөнінде өз ұсыныстарын беруге уәде еткен еді, бірақ оны содан кейін америкалықтар да, украиндар да көрген жоқ. Бәрі бос сөз болып шықты.  Мемлекеттік деңгейдегі жауапсыздық деген осы болады.

«Мен Украина президенті кеңсесінің басшысынан (Ондрий Эрмак – ред.) бұл құжатты көрген-көрмегенін сұрадым – ол мүлде көрмегенін айтты… Сондай-ақ, Украинаның келіссөз жүргізуші (Қорғаныс министрі –  ред.) Умеров те оны алған жоқ», – деп атап өтті Келлогг.

Трамп Украина уәде етілген меморандумды алмағандықтан, 2 маусымда Ыстамбұлдағы келіссөздер ұсынысынан бас тартуы мүмкін екенін атап өтті.

Келлогг Трамп басып алынған аумақтардың болашақ мәртебесін талқылауға негіз бола алатын бірнеше ұсыныс жасағанын, бірақ Ресей тарапынан жауаптың жоқтығы мен бұл ұсыныстарды қолдаудың нашарлығынан көңілі қалғанын қосты. Генерал: «Менің ойымша, ол Кремльдің ақылға қонымды ұсыныстарға мән беріп, пікірталасқа шықпағанынан көңілі қалған сияқты. Мұның орнына ол меңіреулік пен топастықты ғана көрген», – деді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button