Еуроодақ Ресейге бір мезгілде төрт санкциялық режимді қолданады

БРЮССЕЛЬ. 16 мамыр. Еуропа одағы Ресейге қарсы бірнеше санкциялық режимдерді бір мезгілде қолданудың «ең үлкен» нұсқасын дайындады. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Брюссельде 17-ші пакетпен қоса, 18-ші пакет те жарияланлы.
Еуропа одағы 20 мамырда ЕО сыртқы істер кеңесінің отырысында жарияланатын Ресейге қарсы бірнеше санкциялық режимдердің «бұрынғы ең үлкен» бір мезгілде қолданылуын дайындап жатыр. Оның жайын жұма, 16 мамыр күні Брюссельде өткен брифингте Еуроодақтың жоғары лауазымды шенеунігі баяндады.
Сыртқы істер министрлері төрт санкциялық режим аясында Ресей Федерациясына Украинадағы соғыс үшін, адам құқықтарын бұзғаны үшін, гибридтік соғыс үшін және химиялық қаруды қолданғаны үшін қарсы шектеу шараларын бекітеді.
Барлығы 130-дан астам жеке санкциялар қабылданады, оның ішінде Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешеніне, «көлеңкелі флотқа» және оның сыбайластарына, үшінші елдерден Ресейге санкцияланған тауарларды жеткізушілерге, сондай-ақ үгіт-насихат пен жалған ақпарат таратушыларға қарсы шаралар бар.
Ресейдің Украинадағы агрессиясы үшін санкциялардың 17-ші пакетінің тізіміне 75 жаңа заңды және жеке тұлға, сондай-ақ 200 «көлеңкелі флот» кемелері кірген. Сөйтіп, ЕО-ның бұл санкциялар тізіміндегі жеке тұлғалардың саны 2500-ден, ал кемелер саны 300-ден асты.
ЕО-ның гибридтік қызметке қатысты санкциялық режимі аясында Ресей Федерациясында 27 жеке және заңды тұлғаларға жеке санкциялар енгізіледі.
ЕО-ның адам құқықтарын бұзғаны үшін жаһандық санкциялық режимі аясында санкциялар тізіміне Ресейден тағы 28 жеке және заңды тұлға қосылады.
Сонымен қатар, Еуроодақ шенеунігі Ресейге химиялық қару қолданғаны үшін санкцияларды қолдану жоспарланып отырғанын хабарлады. Оның айтуынша, әңгіме Ресей тарапы Украинада соғыс жүргізу құралы ретінде пайдаланатын жаппай тәртіпсіздіктерді басудың химиялық құралдары туралы болып отыр.
Дәл осы күні, 16 мамырда Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Лейен Еуропа одағы Ресейге қарсы жаңа ауқымды санкциялар әзірлеп жатқанын жеткізді. Бұл шараларды ЕО кеңесі әлі мақұлдаған жоқ және оларды талқылау тек жоспарланған, сондықтан жаңа санкциялардың мерзімі мен көлемі туралы мәліметтер әлі белгісіз болып тұр.
Тиранада Еуропалық саяси қоғамдастық саммитінде сөз сөйлеген Урсула фон дер Лейеннің айтуынша, жаңа санкциялар пакеті «Солтүстік ағын» және «Солтүстік ағын 2» газ құбырларына қатысты шектеу шараларын, Ресейдің «көлеңкелі флот» кемелерінің қара тізіміне жаңа атауларды қосуды, мұнай бағасының шекті деңгейін төмендетуді және ресейлік қаржы секторына қарсы қосымша санкцияларды қамтиды.
«Біз президент Путин бейбітшілікке дайын болғанша оған қысымды күшейтуіміз керек», – деді Еурокомиссия басшысы.