Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Брюссель: Украинаның АҚШ-пен келісімшарты – эксклюзивті емес

БРЮССЕЛЬ. 2 мамыр. Еуропа одағы Киев пен Уашингтон арасында қабылданған қазба байлық жөніндегі экономикалық келісімді қолдайды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Брюссель Украина мен АҚШ-тың ақыры бір ымыраға келіп, өзара жасасқан қазба байлықтары жөніндегі келісімінде украин елінің Еуропа одағына кіру мүмкіндігі де ескерілген. Блоктағылар оның Еуроодақпен шикізаттың маңызды салаларында ынтымақтас болғанының бұғаг зияны жоқ деп есептейді.

«Еуропа комиссиясының алдын ала бағамы бойынша, АҚШ пен Украина арасындағы пайдалы қазбалар жөніндегі келісім эксклюзивті болып саналмайды, ол Киев пен ЕО-ның осы сала бойынша әріптес болуына ешқандай кедергі келтіре алмайды», – деді 2 мамыр, жұма күні Еуропа комиссиясының ресми өкілі Леа Цубер.

Еуроодақ пен Украина аса маңызды шикізат саласында әріптес болып табылады, бұл ынтымақтастық 2021 жылы қол қойылған өзара көмек туралы меморандуммен бекітілген. «Киев пен Уашингтон арасындағы бұл келісім «біздің өаара көмек жөніндегі меморандумға» кері әсер ете алмайды», – деді Цубер Брюссельде өткен брифингте.

Тұтастай алғанда, Еурокомиссия Украинаны соғыстан кейін қалпына келтіру үшін инвестициялық қор ашатын экономикалық келісімді қолдайды. 30 сәуір күні қол қойылған келісім екі жақтың үлесін 50/50 пайыз етіп отыр. Мұнда Украина президенті Володимир Зеленськийдің сіңірген еңбегі көп.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button