Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. 27 наурыз. Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов пен тағы үш адамның ұсталғаны туралы ақпар тарады. Бұл туралы zakon.kz сайтының дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Кейбір ақпарат көздеріне қарағанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қызылорда облысының әкімін қызмет бабын пайдаланып, көп мөлшерде ақша қаражатын иемденген алаяқтығы үшін ұстаған.

Облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақовпен бірге ұсталғандар қатарында оның орынбасары Марат Нұрсайынұлы Делмұханов, кәсіпкер туыстары – Жеңісбек Қаппарұлы Ысқақов және Азатбек Бақытбекұлы Досмайылов бар.

Бізге мәлім болған тағы бір мәнбеде аталған лауазымды тұлғалардың «Сыр мейірімі» қоғамдық әлеуметтік қорынан Арыс қаласындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бөлінген 80 млн теңге көлеміндегі қаржыны алдау жолымен және өзгелердің сеніміне кіру арқылы иемденіп кеткені айтылады.

Бірақ Қызылорда облысы бөдіретіне алған Арыс қаласындағы қираған нысандарды қалпына келтіру жұмыстары облыс бюджетінің есебінен атқарылады. Мұндай жағдайда, қордың қайырымдылық қаржысын аталмыш мақсат үшін аудартудың қажеттілігі жоқ еді.

Осылайша 2019 жылдың тамызында қордың атқарушы директоры С.З. Әбдірахимова облыс әкімінің орынбасары М.С. Имандосовтың көмекшісі М. Тасқараевтың нұсқауымен «Бақ-Береке 2030» ЖШС, «Әбу-Сер» ЖШС, «Сәт-Сервис» ЖШС және «Сапақ» өндірістік компаниясы деп аталатын 4 құрылыс компаниясының есепшоттарына 80 млн теңге ақша аударады.

Бұдан әрі бұл қаржыны қолма-қол ақшаға аудару операциясын облыс әкімінің орынбасары М.Н. Делмұханов облыстық құрылыс, архитектура және қала құрылысы басқармасының бастығы М. Әлсеріков арқылы жүзеге асыруды қолға алады. Өз кезегінде басқарма бастығы мұны «Бақ-Береке» ЖШС бастығы арқылы орындайды.

Енді бұл деректердің қаншалықты рас-өтірігін құқық қорғау органдары анықтайды.

Қуанышбек Ысқақов облыс әкімі қызметін 2019 жылғы 28 маусымнан бері атқарып келді. Оған дейін бірнеше жыл және бірнеше мәрте облыс әкімінің орынбасары, облыстық салық басқармасының бастығы болған.

 

Таңбалар
Тағы көрсету

11 пікір

  1. Мынау бір белгісіздеу кісі еді қалай әкім болғаны да белгісіз. Вот он какой! Остальных за дурака держит. Или кто то стоит за ним. Это тоже вполне возможно.

  2. Қызылордалықтар, мыналарың жаман қатты ұят болды. Бұрын замдар ғана ұсталатын еді енді самы замымен бірге еще туыстарын ала ұсталып жатыр. Мұның артында да біраз адам ұсталатын шығар. Групповой тірлік. Дым көрмеген бе бұл немене?

  3. Өте ұят нәрсе болды. Сүйекке таңба түсті. Бір елдің атына ұят келді. Менің ішім удай ашып отыр. Айдалада отырып. Бұл – мына елбасы құрған жүйенің бір көрінісі. Себебі, екінің бірін бізде осылай ұстауға болады. Ал қолға түскені Бақауов екеуі болып отыр. Позор!

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ұқсас мақалалар

Back to top button
Жабу
Жабу