18 Қазан, 20:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Трамп: Ресей, Украина және АҚШ арасында келіссөздер басталды

14 Ақпан 2025 10:54
- Аймақ, Жаңалықтар, Таным
Трамп: Ресей, Украина және АҚШ арасында келіссөздер басталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

УАШИНГТОН. 14 ақпан. АҚШ президенті Дональд Трамп күні бүгін Ресей, Украина және АҚШ арасында келіссөздер басталғанын жариялады. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ақ үйдің қожайыны АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеуніктері жақын арада Ресей және Украина шенеуніктерімен соғысты тоқтату әрекеттері аясында екі кездесу өткізбекші деп мәлімдеді. «Ертең [14 ақпанда] Мюнхенде (Мюнхен қауіпсіздік конференциясында – TMT) кездесу болады, ал келесі аптада Сауд Арабиясында менімен немесе [Ресей президенті Владимир] Путинмен емес, жоғары лауазымды тұлғалар арасында кездесу өтеді. «Және оған Украина да қатысады», – деді Трамп Ақ үйде журналистерге бұл байланыстардың қандай форматта болуы мүмкін екенін көрсетпестен.

Ал Мюнхен конференциясының ресми бағдарламасында Трамп жариялаған кездесу атап көрсетілмеген. Ресей шенеуніктері бұл шараға Украинада жаппай соғыс басталған 2022 жылдан бері қатыспайды. Украина президентінің кеңесшісі Дмитрий Литвин украин делегациясы Мюнхенде ресейліктермен кездеспейтінін, ондай жоспардың жоқ екенін мәлімдеді. «Украина алдымен Америкамен сөйлесуі керек. Еуропа нақты және тұрақты бейбітшілік үшін кез келген маңызды әңгімеге қатысушы болуы керек. Ал ресейліктермен талқылау үшін бізде келісілген ортақ ұстаным ғана болуы керек. «Сіз орыстарды бос үстелде кездестірмейсіз», – деді Литвин.

Мюнхен конференциясы 14-16 ақпан аралығында өтеді. Шара аясында Украина президенті Володимир Зеленьский, АҚШ вице-президенті Дж. Д.Вэнс және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио кездеседі деп күтілуде.

Трамп бұған дейін 12 ақпанда РФ диктаторы Владимир Путинмен алғаш рет телефон арқылы ресми сөйлескен. Онда Путинмен жеке кездесуі өтуі мүмкін ел ретінде Сауд Арабиясын атаған болатын.

Бұл оқиғаға Кремль айран-асыр қуанып жатыр. Ондағылар мұны басқыншы елдің дипломатиядағы қазіргі таңдағы ең ірі жеңісі ретінде бағалауда. Осының қызуымен Путин тіпті Трампты және АҚШ-тың жоғары лауазымды тұлғаларын Мәскеуге қонаққа шақырып та үлгерді.

Осыдан кейін Ресей әкімшілігі АҚШ-пен диалогжүргізу үшін келіссөз тобын құруды бастағанын хабарлады, бірақ оның құрамына кім кіретіні әзірге белгісіз. Ал Трамп америкалық команда мүшелерінің қатарына мемлекеттік хатшы Марко Рубио, ЦРУ директоры Джон Рэтклифф, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майк Уолц және Таяу Шығыс бойынша арнайы елші Стив Виткофф енетінін атады.

Таңбалар: Дональд ТрампкеліссөзКремль

Ұқсас мақалалар

Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес
Дәулет

Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

15.10.2026
Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 
Жаңалықтар

Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

15.10.2026
Трамп Украинаға Patriot зымыранын жасауға лицензия беру жайын әлі шешпегенін айтты
Жаңалықтар

Трамп Украинаға Patriot зымыранын жасауға лицензия беру жайын әлі шешпегенін айтты

31.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist