Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа құрамы белгілі болды

АСТАНА. 9 ақпан. Футболдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтушысы міндетін атқарушы Әли Әлиев жақында өтетін оқу-жаттығу жиынына қатысатын құрамды анықтады. Бұл туралы Nur.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресурс Қазақстан Футбол федерациясындағы мәнбесіне сілтеме жасай отырып, құраманың жаңа құрамын жариялады.

Жиын 10-18 ақпан күндері түріктің Белек қаласында өтеді. Қысқа мерзімдік тоғысудың негізгі мақсаты ұлттық құрамаға ықтимал мүдуәрларды байқап көру болмақ.

Қазақстан құрамасының Түркиядағы оқу-жаттығу кезеңіне қатысуға шақырылған ойыншылардың тізімі мынадай:

Қақпашылар: Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Дінмұхаммед Жомарт («Жеңіс»), Нұрасыл Тоқтаров («Атырау»);

Қорғаушылар: Ұлар Жақсыбаев («Ордабасы»), Әди Адамбаев, Алмас Төлебай (екеуі де  – «Елімай»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Асқар Сатышев («Тұран»), Амандық Нәбиханов («Атырау»);

Жартылай қорғаушылар: Абылайхан Назымханов («Елімай»), Серікжан Мұжықов, Ален Айманов (екеуі де – «Жетісу»), Жаслан Жұмашев, Наурызбек Жагоров, Мейрамбек Қалмырза, Данияр Үсенов (бәрі – «Тобыл»), Равиль Атыханов («Атырау»), Давид Есімбеков («Черноморец», Ресей);

Шабуылшылар: Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Әлияр Мұхамед («Оқжетпес»), Оралхан Өміртаев, Айбар Абдулла (екеуі де – «Ақтөбе»).

Атап өтуіміз керек, Қазақстан құрамасы 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтетін әлем чемпионатының іріктеу сайысында J іріктеу тобында күш сынасады. Ол топта Уэльс, Лихтенштейн, Солтүстік Македония және Бельгия командаларымен шайқасады. Ұлттық құрама іріктеу кезеңін 22 наурызда сырт алаңда Уэльспен кездесумен бастайды. Үш күннен кейін, яғни 25 наурызда сырт алаңда Лихтенштейнмен ойнайды.

Бұдан кейінгі матчтар кестесі мынадай: 9 маусым. Қазақстан – Солтүстік Македония, 4 қыркүйек. Қазақстан – Уэльс, 7 қыркүйек. Бельгия – Қазақстан, 10 қазан. Қазақстан – Лихтенштейн. 13 қазан. Солтүстік Македония – Қазақстан. 15 қараша. Қазақстан – Бельгия.

Суретте: Айбар Жақсылықов

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button