25 Тамыз, 18:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылорда қаласында «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді

16 Қаңтар 2025 17:03
- Жаңалықтар, Қайнар
Қызылорда қаласында «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 16 қаңтар. Бүгін Қызылорда қаласындағы «Жайлы мектеп» жобасымен салынған 600 орындық мектептің ашылу салтанаты болып өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Шараға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Әріп Хожбанов, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, жауапты сала басшылары және қала тұрғындары қатысты.

Жиынды облыс басшысы ашып сөз сөйлеп, жұртшылықты еңселі де сәулетті мектептің пайдалануға берілуімен құттықтады.

«Президентіміз «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды» деген болатын, – деді Нұрлыбек Нәлібаев өзінің құттықтау сөзінде. – Жаңа мектептердің ашылуы – бұл жай ғанағимараттардың салынуы емес, жаңа дәуірде білім алатын оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 6 900 орынға арналған 10 мектеп салу жоспарланып, оның алғашқы 900 оқушыға арналған мектебін өткен жылдың қазан айында сол жағалауда табыстадық».

Аймақ жетекшісі осы айдың басында Жаңақорған ауданының «Жаңарық» ауылында және Арал қаласында 300 орындық осындай екі жайлы мектеп ашылғанын атап өтті. Осы арқылы «Жаңарықтағы» білім мекені бейімделген ғимаратқа орналасса, Арал қаласындағы мектептердегі орын тапшылығы мәселесі шешімін тапты.

«Бүгін, міне, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының үйлестіруімен жүзеге асқан, құны 4 миллиард 732 миллион теңге болатын 600 орындық «Жайлы мектепті» шәкірттер мен ұстаздаригілігіне береміз, – деді Нұрлыбек Нәлібаев бұдан әрі. – Жаңа нысанды салу арқылы бейімделген ғимаратта орналасқан Әбу Құдабаев атындағы №197 орта мектептің мәселесін шештік. Құрылыс басталғалы бері балаларымызға қала ішіндегі басқа мектепте оқуына тура келді. Ұрпақ игілігіне бағытталған ортақ істе түсіністік танытқан барша ата-аналарға алғысымызды білдіреміз. Жасампаз істердің жаршысы болатын жеткіншектерімізенді қолайлы әрі қауіпсіз, заманауи жабдықталған, кең де жайлы мектепте білім алатын болады. Бүгін табысталған жаңа білім ғимаратынан алдыңғы буынның ізгі жолын жалғаған білімді, талантты шәкірттер шығатынына сеніміміз мол. Санасы сергек, ойы ұшқыр, бәсекеге қабілетті оқушыларымыз көп болғай».

Салтанатты іс-шарада білім саласының ардагері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы Алтынсары Шүренов жиылған жұртшылықты құттықтады. Еңбек ардагері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Қорғанбек Қайроллаұлы батасын берді. Сондай-ақ, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен құрылыс мекемесінің мамандары марапатталды.

Айта кетейік, 2024 жылы білім саласына бөлінген қаржы 264 млрд теңгеге, алдыңғы жылмен салыстырғанда, 9,3 пайызға ұлғайды. Саланың биылғы бюджеті 308 млрд 134 млн теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда, 16,9 пайызға артты.

Былтыр аймақта 6 мектеп, 5 мектепке қосымша ғимарат салынып, іске қосылды.Нәтижесінде Арал ауданы «Тоқабай» ауылындағы №248, Шиелі кентіндегі №252 және «Жансейіт» ауылындағы №133 апатты мектептердің мәселесі шешілді.

«ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі «Оқушылар сарайы», Жаңақорған ауданында «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі» ел игілігіне берілді.

Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау мақсатында облыс орталығынан «Шығармашылық академиясы»,дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты, «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен музыкалық колледждің жаңа ғимараты бой көтеруде. Жыл ішінде Шиелі ауданында да «Оқушылар үйі»мен «Өнер мектебі» жұмысын бастайды.

Биыл «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен Арал ауданының «Жалаңаш» ауылында 150 орындық мектеп салынады. Былтыр 8 мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Мемлекет басшысының 1300 мектепті күрделі жөндеу тапсырмасына сәйкес, 3 жыл ішінде облыста 51 мектептің жұмысы қолға алынатын болса, биыл солардың 9-ы күрделі жөндеуден өтеді.

Таңбалар: білімЖайлы мектепҚызылорда

Ұқсас мақалалар

Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды
Жаңалықтар

Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

24.08.2026
Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды
Жаңалықтар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

24.08.2026
Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті
Әлеумет

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті

22.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist