26 Тамыз, 12:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украина әскерлері Сейм өзеніндегі екінші маңызды көпірді де жойып жіберді

18 Тамыз 2024 17:59
- Жаңалықтар, Жаһан
Украина әскерлері Сейм өзеніндегі екінші маңызды көпірді де жойып жіберді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 18 тамыз. Украина Қарулы күштері Курск облысының Званное селосы тұснындағы екінші көпірді де талқандап тастады. Бұл туралы DonPress ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бүгін, 18 тамыз күні Украина Әуе күштерінің қолбасшысы, генерал-лейтенант Микола Олещук Курск облысының Глушков ауданы жерінен ағып өтетін Сейм өзенінің Званное селосы тұсындағы екінші маңызды көпірінің күлі көкке ұшқанын растап берді. Ол мұны өзінің телеграм-арнасында жазып, көпірдің жарылып жатқаны түсірілген видеоны қоса жариялады.

Сенбі, 17 тамыз күні кешқұрым Украина Қарулы күштерінің Курск облысындағы тағы бір маңызды көпірді қиратқаны хақында ақпар тараған еді. Ресей Z-әскери тілшілерінің айтуларынша, оқиға Глушков ауданына қарасты Званное селосында орын алған.

Көпір осы жерден ағып өтетін Сейм өзенінің үстіне салынған. «Енді тек бұл жерлерден жаяу немесе шағын жеңіл көліктермен кешіп өтуге болады», – дейді жергілікті тұрғындар.

Ресейліктер жағы: «Курск облысының шекара аумағын оқшауландыру барынша айқынырақ әрі қарқынды жүріп жатыр», – деп назалануда.

17 тамыз күні таңертең Ресей әскери тілшілері Сейм өзені өтетін аумақтағы үш көпір белгіленген картаны жариялады. Қазір олардың екеуінің күлі көкке ұшты, тек Карыж селосы маңындағы өткел ғана аман тұр.

Ресей бұқаралық ақпарат құралдары осыған орай Украина Қарулы күштері көпірлерді қирату арқылы Курск облысындағы ұрыс қимылдары ауданын тағы 1,5 есеге арттыруды көздеп отырғанын жазып жатыр.

Тәулік ішінде украиндар облыстағы маңызды учаске – Кореново селосын басып алды. Ол шекарадан 25 шақырым жерде тұр.

Украина әскерлері Ресейдің 810-шы жеке теңіз жаяу әскерлері бригадасы ротасының аман қалған солдаттарын тым-тырақай жан-жаққа қашуға мәжбүр етіп, олардың командирлерін қолға түсірді.

Өткен тәулікте Украина армиясы 1 170 оккупант пен олардың 200-ден аса техникасын жойып жіберді.

Таңбалар: Званное көпіріКурск облысыУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist