Денесі дәретханадан табылған Асылымның өліміне кінәлі анықталды
ТҮРКІСТАН. 17 тамыз. Бұдан бұрын Түркістан облысының Сарыағаш ауданында мәйіті дәретханадан табылған 3 жасар Асылымды қасақана өлтірген адамның кім екені белгілі болды. . Бұл туралы Skifnews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Алдымен 3 жасар Асылым аяқ астынан жоқ болып кетеді. Жұрт оны үш күн бойы сабылып іздейді.
Ақарында кішкентай балапанның өлі денесі көрші үйдің дәретханасынан шығады.
Сол кезде сот-медициналық сарабы Асылымның басында соққының ізі бар екенін алға тартады. Алайда артынша бұған «бүлдіршін дәретханаға құлаған кезінде басын бөренеге ұрып алған» деген болжам айтылып, баға беріледі. Сонымен бірге, бала дәретханаға өзі құлап кеткен деген қорытынды жасалады.
Бірақ нақты олай болмады. Бұл оқиғаның тарихы мүлде басқа болып шықты.
Мұның соңғы орамы – нағыз шындығын «Дау-дамайсыз» бағдарламасының авторы, белгілі журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде тарқатып айтты.
«Сұмдық және суыт хабар жетті! Бұған дейін Сарыағашта 3 жастағы Асылымның үш күн бойы табылмай жатқанын және кейін денесі көршісінің дәретханасынан табылғаны туралы жазған едім. Бәріміз сонда шулап едік қой. Ол кезде Сарыағаш аудандық полициясы оқиға адам қолынан болмаған, баланың өзі құлап кеткен дегендей айтқан болатын. Өкінішке қарай, олай емес екен. Қылмысты басқа-басқа емес дәл сол үйге қарама-қарсы тұратын көршісінің 16 жастағы қызы әдейі жасағаны белгілі болды. Іс сотқа кетті. Небәрі 16 жастағы қыз 3 жастағы кішкентай қызды буындырып, тұншықтырып, дәретханаға тастап жіберген. Экспертиза басынан соққы болды деген, бірақ оны құлаған кезде зақымданған деген шешім шығарған болатын. Олай емес екен», – деп жазды ол.
Шынында 16 жастағы жасөспірімге 3 жасар нәрестенің өлімі не үшін керек болды екен?