АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары болды (видео)

АТЫРАУ. 13 наурыз. Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақыткүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне кірісті. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Бақыткүл Хаменова бұған дейін «Нұр Отан» партиясынан VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты, экология және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі болды.

Бүгін ол Атырау облысының әкімінің ұжымымына жаңа орынбасар ретінде таныстырылды.

Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызы Атырау қаласында 1981 жылы туған. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Филология ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспиранты, Атырау мұнай және газ институты, мұнай және газ инженері, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономика және бизнес бакалавры секілді сатылардан өткен..

Ол 1999-2001 жылдары Атырау облыстық телерадио-ақпараттық компаниясының дикторы, редакторы, 2001-2004 жылдары Атырау мұнай және газ институтының қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушысы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің элитарлық мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары,

2004-2005 жылдары «Рахат ТВ» Атырау телерадио хабарларын тарату филиалы қазақ редакциясының тілшісі, 2005-2016 жылдары Атырау-Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің директоры болды.

2016 жылғы 24 наурыздан Парламент Мәжілісінің депутаты болып келді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button