Қызылордада балалар орталығының қызметкерлері жауапқа тартылды
ҚЫЗЫЛОРДА. 31 шілде. Қызылорда облысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін балалар орталығының қызметкерлері жауапқа тартылды. Бұл туралы Halyq Uni ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Адам құқығы жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі мекемеге барып, бірқатар заң бұзушылықтарды анықтаған. Атап айтқанда, диетолог дайын тағамды тұтынуды есептеуде қателіктерге жол берген. Медициналық-педагогикалық қызметте, паллиативтік бөлімді ашу мен ботулин терапиясын енгізуде және тағы басқа заң бұзушылықтар табылған.
Өңірдегі өкіл осыған орай заң бұзушылықтардың алдын алу және балалар құқығын сақтауды қамтамасыз ету жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тиісті мемлекеттік органдарға анықталған бұзушылықтарды жою бойынша өкілдің тарапынан ұсыныстар жолданған. Орталықтың 4 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.