Ресейліктер Медведевті, Соловьев пен Симоньянды тұтқындау талап етіліп жатыр
БРЮССЕЛЬ. 7 маусым. Халықаралық адам құқықтары федерациясы (FIDH) Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттан (ICU) РФ-ның тағы бірқатар тұлғалары үстінен іс қозғауды талап етті. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Халықаралық қылмыстық сот Ресей Федерациясы қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Дмитрий Медведев пен ресейлік бір топ насихатшыны тұтқындауға санкция беруді талап еткен мәлімдеме жариялады. Тізімде Дмитрий Медеведевтен бөлек, Кремльдің «бұлбұлдары» Владимир Соловьев, RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симоньян, «Ресей бүгін» медиа тобының жетекшісі Дмитрий Киселе және тележүргізуші Сергей Мардан бар. Ұйым оларды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынады.
FIDH сондай-ақ Ресей мемлекеттік насихаты мен телеарнасын бақылау жасап отырған Ресей Федерациясы президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Алексей Громовті украиндарды тілмен қудалауды ұйымдастырып отырғаны үшін жазаға тартуды қажет деп тауып отыр.
FIDH атап өткендей, пропагандистер Украинаның бейбіт халқына деген өшпенділікті өршітіп, кеңінен тарату арқылы Ресей әскерилерін жаңа соғыс қылмыстарын жасауға қайрап, айдап салып отыр. «Күн сайын әлденеше ондаған украин оккупанттар бомбыларының астында қаза тауып жатыр. Қолға түскен бейбіт украиндар азапталуда, украин балалары Ресейге әкетілуде. Бұлардың бәрінде ресейлік насихатшылардың үлестері бар», – делінген мәлімдемеде.
Өткен жылдың наурыз айында Халықаралық қылмыстық сот РФ президенті Владимир Путин мен оның балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Мария Львова-Белованы тұтқындауға санкция берді. Олар украин балаларын заңсыз депортациялады деп айыпталып отыр. Ордер өмір бойына берілген, ол Ресей президенті сотқа тартылған жағдайда ғана қайтарып алынуы мүмкін.
Суретте: журналист Владимир Соловьев