26 Тамыз, 14:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстандықтар шетелде «Салтанат үшін» деген наразылық акциясын өткізді

23 Сәуір 2024 12:08
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қазақстандықтар шетелде «Салтанат үшін» деген наразылық акциясын өткізді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ПРАГА. 23 сәуір. Кеше Чехия байтағы – Прага қаласында Қазақстандағы отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы «Салтанат үшін» деп аталатын митинг болып өтті. Бұл туралы «Азаттық радиосының» видеосюжетіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Митинг өткен жылғы 9 қараша күні зорлық-зомбылықтың құрбаны болған Салтанат Нүкенованы бір мезет еске алудан басталды. Қазір Астана мамандандырылған ауданаралық сотында марқұмды азаптап өлтіруші ретінде күдікке ілінген күйеуі, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбавқа қатысты сот процесі жүріп жатыр. Сот отырысы барысында айыпталушының әйеліне қызғаныштың салдарынан ұзақ уақыт бойы зорлық-зомбылық көрсетіп келгені мағлұм болды. Сот процесі күн сайын тікелей эфир арқылы әлемге тарап тұр. Оны оннан аса елдің тұрғындары сол заматында көріп отыруға мүмкіндік алды.

Прагада өткен шеруге осында уақытшы тұрып жатқан немесе оқу орындарында оқып жүрген қазақстандықтар қатысты. Олар қазіргі кезде өз отандарында әйелдердің қауіпсіз сезіне алмайтындарын айтты. «Олар ұдайы отбасында қысым көріп тұрады», – деп атап өтті «Азааттық» тілшісі.

«Күн сайын көптеген әйелдер», көптеген балалар, мыңдаған-миллиондаған кісілер  зорлық-зомбылыққа ұшырауда. Үйде болсын, сыртта болсын, мұндай жағдайлар өте көп болып жатады. Сондықтан бұл мәселені көтерудің біз үшін маңызы зор», – деді митингке қатысушы студент Аружан Ахмедиярова (төменгі суретте).

Бұдан кейін Аружан Жармағамбетова, Руслан Құспан секілді қазақстандық студенттер еліміздегі отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты өз ойларын білдіріп, қазір сотты болып жатқан Қуандық Бишімбаевтың адамшылыққа жат әрекеттерін айыптады. Олардың қолдарындағы плакаттарда сотталушыға өмір бойы түрмеде отыру жазасын белгілеуді талап еткен жазбалар да бар. Ал видеоматериалды көрушілердің басым бөлігі осындай мазмұндағы комменттер қалдырған.

Мұндай акция 13 сәуірде Италия байтағы – Рим қаласында да болып өтті. Соның алдында АҚШ пен Еуропаның бірнеше дәулетінде осы тақырыпта митинг шеру тартты. Оларда да Қазақстан Фемидасы алдына осындай талаптар қойылды. Олар сондай-ақ «Әр қазақ әйелі – менің жалғызым», «Салтанат үшін – жан пида», «Ұрған екенсің – түрмеде отырасың» деген ұрандар көтерді.

Қазір Бишімбаевқа қатысты жүріп жатқан сот процесі күн сайын You Tube әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирден көрсетіліп жатыр. Оны көріп отыруға Қазақстаннан бөлек, АҚШ, Алмания, Ұлыбритания, БАӘ, Түркия, Корея, Ресей, Сакартвело, Молдова, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжан мемлекеттерінің тұрғындары мүмкіндік алды.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2023 жылғы 9 қарашада Астанада, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаевтың жеке меншігіндегі «Bau» ресторанында орын алды. Онда әйелі Салтанат Амангелдіқызы Нүкеновамен бірге келіп, бір тәулікке жуық уақыт демалған экс-министр соңында жан төзгісіз қылмысқа барған. Ол жұбайын үздіксіз ұрып-соғып, өлім халіне дейін жеткізген. Таңертең ессіз жатқан әйелге тек кешке бір-ақ «жедел жәрдем» шақырған. Бұл кезде марқұмның әлдеқашан бақилық болып кеткені анықталады. Күдікті тек 11 қараша күні ғана қамауға алынды.

Бишімбаевтың сот процесі 27 наурызда басталды. Істі Астана қалалық сотының төрағасы Айжан Құлбаева қарап жатыр. Сот сондай-ақ сотталушы Қуандық Бишімбаевтың талабы бойынша 12 адамнан тұратын алқабилер сотының қатысуымен өтуде.

Тағы бір еске сала кететін дерек, сәуірдің 15-інде Қазақстан Президенті отбасылық зорлық-зомбылық үшін берілетін жазаны күшейту туралы заңға қол қойды. Осыған байланысты енді отбасында әлімжеттік жасап, әйелі мен балаларын ұрған азаматтар қылмыстық жауапқа тартылатын болады.

Таңбалар: Қуандық БишімбаевмитингПрагаСалтанат үшін

Ұқсас мақалалар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсылар көп адамдық шерулер өткізді
Жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсылар көп адамдық шерулер өткізді

29.03.2026
Белградта 100 мыңнан аса адам қатысқан митинг өтіп жатыр
Жаңалықтар

Белградта 100 мыңнан аса адам қатысқан митинг өтіп жатыр

16.03.2025
Қуандық Бишімбаев жазасын Ақмола облысындағы колонияда өтейді
Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаев жазасын Ақмола облысындағы колонияда өтейді

20.07.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist