Қостанай облысында ауылдық округ әкімі асылып қалған қалпы табылды
ҚОСТАНАЙ. 19 наурыз. Қостанай облысының Ұзынкөл ауданындағы Пресногорка ауылдық округінің әкімі асылып қалған жерінде табылған. Бұл туралы «Халық үні» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ауыл әкімі Тастемір Тұрсынбаевты жерлестері 19 наурызда асылып тұрған жерінде көрген. Алайда әкімдік әзірге бұл ақпаратты ресми растай қойған жоқ.
Тастемір Тұрсынбаев 1964 жылы Қостанай облысында туған, мал дәрігері мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын электромонтер болып бастап, Ұзынкөл ауданы Пресногорка ауылдық округінің ветеринария бөлімінің меңгерушісі болып еңбек еткен. Содан кейін 16 жыл сол ауылдың әкімі болған.
2015-2018 жылдар аралығында Тастемір Тұрсынбаев Пресногорка ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған. 2023 жылы біраз уақытқа созылған үзілістен кейін ол бұл қызметке қайта тағайындалды.