Жаңалықтар жаңғырығыОқиға
Алматыда бүгін тағы да күшті жер сілкінісі орын алғаны байқалды
АЛМАТЫ. 4 наурыз. Бүгін Алматыда жергілікті уақыт бойынша 11 сағат 22 минутта жел сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Halyq Uni ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде орналасқан.
Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі оның 5 балдық күшпен сілкінгенін баяндады.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13.2. MPV магнитудасы – 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93 солтүстік ендік, 76.96 шығыс бойлық. Тереңдігі – 10 шақырым.