24 Қараша, 15:11
RAST.kz
USD USD 455.12 ₸
EUR EUR 498.99 ₸
RUB RUB 5.55 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тоқаев Қордайда дүнгендер өкілдерімен кездесті

1 Наурыз 2020 20:39
- Әлеумет, Жаңалықтар
Тоқаев Қордайда дүнгендер өкілдерімен кездесті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАРАЗ. 1 наурыз. Бүнгін Жамбыл облысында сапармен жүрген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданындағы дүнген диаспорасының өкілдерімен кездесті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

Мемлекет басшысы «Сортөбе» ауылындағы мәдениет үйінде дүнген диаспорасының өкілдерімен кездесу өткізді.

[tie_full_img][/tie_full_img]

Президент Қазақстанды достықтың, бейбітшілік пен келісімнің, сондай-ақ, барлық этникалық топтардың ортақ отаны болып саналатынын атап өтті. Еліміз түрлі тарихи жағдайларға байланысты, қиын-қыстау заманда мәжбүрлі түрде қазақ жерін паналап келген халықтың бәрін құшақ жая қарсы алғанын айтты.

Мемлекет басшысы Қордай ауданында болған оқиғадан дұрыс қорытынды шығару керек екенін мәлімдеді.

«Болған қайғылы оқиға артта қалуға тиіс. Алдағы уақытта тату-тәтті, түсіністікте бірге өмір сүреміз. Біз бұдан сабақ алуымыз керек. Бұрын-соңды мұндай жағдай болған емес. Бұл – биліктің де жіберген кемшілігі. Сондықтан мен бірден облыс басшылығын, соның ішінде құқық қорғау органдарының жетекшілерін ауыстырдым», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев енді Бердібек Сапарбаев төрағалық ететін Үкіметтік комиссияның барлық нысандарды қайта қалпына келтіріп, әлеуметтік мәселелерді шешумен айналысатынын айтты. Аймақтағы ахуал жіті бақылауда болады.

Президент дүнген диаспорасының өкілдерін жастардың тәрбиесіне баса мән беріп, оларды әрбір халықтың мәдениетіне, қазақ тілі мен Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауға шақырды.

«Сіздердің балаларыңыз қазақ тілін үйренуі керек. Сондай-ақ орыс тілі мен өзінің ана тілін де білуі қажет. Мемлекет сіздердің мәдениеттеріңіз бен дәстүрлеріңізді сақтап, дамытуға жан-жақты қолдау көрсетеді. Дегенмен сіздер, әсіресе, ауылда тұратын азаматтар мемлекеттік тілді білгендеріңіз аса маңызды», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент жастардың Қордай ауданындағы бірнеше ауылда ғана емес, Қазақстанның барлық өңірінде жұмыс істеуіне мол мүмкіндік бар екенін жеткізді.

«Қазақстан – байтақ әрі бай мемлекет. Еліміздің солтүстігінде құнарлы жерлер бар. Біз неге бір жерде ғана тұрақтауымыз керек? Балаларыңызды солтүстікке, шығысқа қарай жіберіңіздер. Солтүстік, батыс, оңтүстік, шығыста сіздердің балаларыңызға жұмыс істеп, ақша табуға мүмкіндік мол», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жұртшылықты қайғылы оқиғаның қайталануына жол бермеуге шақырды. Өңірдегі құқық қорғау органдарының жаңа басшылығына қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, қылмыстың алдын алу жөнінде міндет жүктеді.

[tie_full_img][/tie_full_img]

Кездесуде «Қордай ауданының құрметті азаматы» Шисыр Динласон кезінде қамқорлық көрсеткен қазақ халқына қонақжайлылығы мен мейірімі үшін алғыс білдірді. Еңбек ардагері жергілікті дүнгендердің болған оқиғаға өкініш білдіріп, кешірім сұрайтынын айтты. «Сортөбе» ауылдық мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эдик Суларов жергілікті балаларға мемлекеттік тілді, Қазақстан тарихын, қазақ халқының салт-дәстүрін оқытуға ниетті екенін жеткізді.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті «Қаракемер», «Масаншы» және «Сортөбе» ауылдарындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін арнайы жедел әрекет ету жасағының жауынгерлерімен, Ұлттық гвардияның әскери қызметшілерімен әңгімелесті.

Таңбалар: дүнгенҚордай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысының Қордай ауданында алып бала дүниеге келді
Жаңалықтар

Жамбыл облысының Қордай ауданында алып бала дүниеге келді

08.01.2025
Мемлекет басшысы Қордай оқиғасының себебін айтты
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қордай оқиғасының себебін айтты

01.03.2020
Жамбыл облысындағы жанжалды полиция тексеріп жатыр
Жаңалықтар

Қордайдағы арандатушылық бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды

28.02.2020
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

    Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

  • Қызылорда: облыс әкімі қала тұрғындары үшін жеке қабылдау өткізді

  • Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 455.12 ₸
EUR EUR 498.99 ₸
RUB RUB 5.55 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist